• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес 06 Сәуір, 2017

АҚШ өндірісі мен әлемдік сұраныс мұнай бағасын баланста ұстап тұр

250 рет
көрсетілді

KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 6 сәуірде 1 АҚШ доллары 313,16 теңгеге теңесті.

Айта кетейік, кешегі сессияда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 312-ге дейін түскен еді.

Ал Астана уақытымен бүгін 12:00-де Брент маркалы мұнай құны 54,26 долларға саудаланды. Ал осыдан бірнеше сағат бұрын баға 55,01 долларға дейін қымбаттап, қайта түскен еді. 

Мұнайдың қайта арзандауына АҚШ мұнай өндірісі себеп болды. Сәрсенбі күні АҚШ энергетика министрлігі өзінің апта сайынғы есебінде елдегі мұнай мен жанармай қорының көбейіп келе жатқанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, апта басынан бері шикізат нарығында ұсыныстың азайып, сұраныстың көбейе бастауына байланысты Брент бағасы ақырындап қымбаттай бастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар