• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Сәуір, 2017

Мемлекет хатшысы Масдар ғылым және технологиялар институтының ректорымен кездесті

243 рет
көрсетілді

​Бүгін Ақордада ҚР Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Масдар ғылым және технологиялар институтының (БАӘ) ректоры Бехжат әл-Юсуф ханыммен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін Таяу Шығыстағы өзінің жетекші серіктесі ретінде қарастыратынын және өзара қарым-қатынасты дамытуға баса мән беретіндігін атап өтті. 2017 жылдың қазан айында екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толатынына, осы кезең ішінде бірлесіп атқарған жұмыстың орасан зор тәжірибесі жинақталып, әртүрлі салаларда табыстарға қол жеткізілгеніне тоқталды. 

Әбдіқалықова Қазақстан таяудағы онжылдықта өзінің индустриялдық саясатының басты құрамдасы саналып отырған жасыл экономиканы енгізудің белсенді жақтаушысы болатындығын айтты. 

«Қазақстан БАӘ-нің жаңартылған қуат көздері бойынша саясатына ниеттестік білдіріп, толықтай қолдайды. Әмірліктердің «таза» энергияны ілгерілету арқылы экономикалық дамуға ықпал ету тәжірибесі оң үлгі болады», - деді ол. 

Мемлекеттік хатшы Масдар институтының жоғары технологиялық білім беру мекемелерінің бірі ретінде жасыл технологияларды ілгерілету үшін зор үлес қосатынына сенім білдірді. 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ағымдағы жылдың 31 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында «Әйелдер болашақ энергиясын қолдайды» халықаралық форумы өткізіледі. Форумда баламалы энергетика және жасыл экономика саласындағы инновациялық идеяларды ілгерілетудегі әйелдердің рөлі мен үлесі тақыланады. Мен сізді аталған форумға шақырамын», - деді Гүлшара Әбдіқалықова. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасында ғылыми және білім беру ынтымақтасты кеңейту, оның ішінде бірлескен конференциялар, тренингтер, семинарлар, Араб өңіріндегі әйелдер істері және технологиялар орталығымен (CWTAR) бірге іс-шаралар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар