Ол туралы баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлімдеді.
«Емхана – ол қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кіреберіс» болып табылады. Онда сіздің шын мәнінде қайта тіркелгеніңізді тексеру маңызды. Өйткені, азамат көбіне бір қалада, ауданда тұрады да, басқа мекен-жай бойынша тіркеледі. Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсетуде қиындықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек», деді Лязат Ақтаева.
Өз кезегінде, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы Елена Бахмутова тіркелу науқанының ерекше маңыздылығына тоқталып өтті. Айтуынша, бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайындық шараларының бірі болып табылады.
«Қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алыңыз. Жарнаны сіз үшін кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе? Осыны түсініп алу керек», деп түсіндірді Е.Бахмутова.
Қор төрағасы МӘМС заңы бойынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейтінін тілге тиек етті.
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына (бұдан әрі – АМСК ) тіркеу, тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, бір әкімшілік-аумақтық медициналық ұйым шеңберінде жүзеге асырады. Азаматтар дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде емханаға тіркелу жылына бір реттен артық болмауы керек.
АМСҚ ұйымдары азаматтар жеке өтініш білдірген кезде тіркеуді жүзеге асырады.
Отбасы мүшелерін тіркеу отбасы мүшелерінің бірінің негізінде отбасы мүшелерінің олардың жазбаша келісімі болған жағдайда және еркін нысандағы өтінішті отбасының әрбір мүшесіне жеке басын куәландыратын құжаттарын беру кезінде жүзеге асырылады.
«Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсету үшін оның сіздің үйіңізге орналасу жағынан аумақтық жақындығын ұмытпау керек. Емхананың жақын орналасуы сізге және сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Дәрігерді үйге шақыру кезінде сізге ол уақтылы және сапалы қызмет көрсете алады», деді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, азаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды. Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне, және атап айтқанда, сақтандырылған азаматтар – медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтер пакетіне қол жеткізеді.
Еліміздің әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға тіркелгенін тексерумен қатар, өзінің категориясы туралы мәлімдеуі қажет. Сіз кімсіз – жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі қамтушы азамат, әлде ресми кірісі жоқ немесе еш жерде жұмыссыз болып тіркелмеген жұмыссыз азаматсыз ба?
Ертең сақтандырылған адамның мәртебесін және оған қатысты қажетті медициналық көмек алу кезінде қиындықтар туындамау үшін барлығын қазір анықтау маңызды болып табылады.
МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпаратты, жарналар мөлшері және төлеу схемаларын сіз өз емханаңыздағы тіркеу орны немесе сіздің учаскедегі медициналық қызметкерге жүгіну арқылы біле аласыз.
Сонымен сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай тіркелу керек? Мұны жүзеге асыру өте оңай.
Бұл үшін сізге емханаға жеке басты куәландыратын құжатпен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазу керек. Ешқандай атаулы анықтама талап етілмейді. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.
Емханаға тіркелудің екінші тәсілі интернет пайдаланушылар үшін ыңғайлы. «Электронды үкімет» (еgov.kz)порталы арқылы электронды құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырып сұрау салу қажет. Емханадағы жауапты қызметкер электронды сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады және сіздің тіркеу туралы талоныңызды да электронды түрде ресімдейді. Тіркелгеніңіз туралы ақпаратты «еgov» порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінен анықтай аласыз.
«Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады және бір уақытта бірнеше емханада тіркелуі мүмкін емес. Азаматтардың өздері өтініштермен келіп АМСК ұйымдарына тіркеу кезінде, бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан автоматты түрде шығару «Азаматтарды тіркеу регистрі» порталы арқылы жүзеге асырылады», атап өтті Ажар Төлеғалиева, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.