• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Сәуір, 2017

Ауқымды шараның мазмұнына мән берсек...

231 рет
көрсетілді

Қазақстан халқының бірегей моральдық-адамгершілік қасиеттерін кеңінен дәріптеу мақсатымен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына арналған қоғамдық-саяси шараларды дайындау мен өткізу барысында олардың санына емес, сапасына, яғни мән-мазмұны жоғары болуына айрықша назар аудару қажет.

Біздің бұл мәселені қозғауы­мызға өңірлерде болып, са­й­лаушылармен кездесулер өт­кіз­ген кезде олардың еліміз­дің тарихының маңызды мәселе­лерін көтергендігі себеп бол­ды. Адамдарды қазір тек эко­но­миканың жағдайы ғана қызық­тырмайды, сонымен бірге, олар тарихи мұраны сақтауға да мүдделілік танытып отыр. Өткен ғасырдың отызыншы жыл­дарындағы жаппай сая­си қуғын-сүргіннің сал­дары­нан ұлтымыздың көптеген саяси қайраткерлері мен зиялы қауымның таңдаулы өкіл­дері «халық жауы» деген жа­ла­мен атылып кетті және ұзақ мерзімге бас бостан­дық­тарынан айырылды. 

Міне, осындай қилы за­ман­да қазақ халқы тағ­дыр тәл­­­ке­гімен Қазақстанға ке­ліп бас сауғалаған басқа эт­нос өкілдеріне шы­на­йы қа­йы­­рымдылық көр­се­­тіп, о­лар­дың ұлттық ­мәде­ниетіне, салт-дәс­түріне толе­рант­ты­лықпен қарап, өз бойын­дағы ғажап гуманистік қасиеттерді айқын танытты. Енде­ше, осы айтылған жай­лардың негізінде, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне сәйкес жалпыұлттық бірлікті ны­ғайту, қазақстандық патрио­тизмді қалыптастыру және ортақ тарихи мұрамызды на­си­хаттау мақсатында Мә­де­ниет және спорт, Дін істері және азаматтық қоғам, Білім және ғылым, Ақпарат және коммуникациялар министр­ліктеріне, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың әкім­діктеріне төмендегідей қоғам­дық-саяси шараларды өткізу туралы тапсырма бе­рілуін ұсынамыз:

– үстіміздегі жылы ХХ ға­сыр­дың 30-40-жыл­дарын­дағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғаны­на 80 жыл толуына арналған ғы­лы­ми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;

– білім беру мекемелерінде ашар­шы­лық және жаппай саяси қуғын-сүр­гін­нен зардап шеккен адамдармен кез­де­сулер және ашық сабақтар өткізу;

– жаппай саяси қуғын-сүр­­гін құрбандарының есім­дерін мәңгі есте қалдыруға бай­ланыс­ты оно­мас­­ти­калық жұмысты жандан­дыру және оларға арналған ме­мо­риалдар мен ескерткіштер ор­нату жұ­мыс­тарын жалғастыру;

– кітапханаларда жаппай саяси қуғын-сүргіннен зар­дап шеккен адамдардың қаты­суы­мен оқырмандар кон­ферен­цияларын, аталған тақы­рып бойынша музейлерде көр­мелер ұйым­дастыру, кино­театр­ларда көр­кем және дерек­ті фильмдерді көрсету, театр­ларда пьесаларды сахналау;

– оқушы және студент жастардың «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тота­ли­таризм құрбандарына ар­­нал­ған музей-мемориалдық кешеніне және басқа музей­лерге, сондай-ақ, жаппай саяси қуғын-сүр­гінге қатысты тарихи орындарға экскурсияларын ұйымдастыру;

– мемлекеттік тапсырыс­ты орын­­дай­тын бұқара­лық ақ­парат құрал­дарында жап­пай саяси қуғын-сүр­гін және одан құрбан бол­ған­дар мен зар­­дап шеккендер тура­­лы теле­радио­хабарлар мен жария­­ланымдар дайындау керек.

Кәрібай МҰСЫРМАН,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар