• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Сәуір, 2017

Еселенген жүктеме транзиттік жолды тоздыруда

270 рет
көрсетілді

Биылғы қаңтар айында Парламент Мәжілісінің депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысына іссапармен барып, жергілікті халықпен кездескен кезінде Сарыағаш, Абай, Қызыләскер елді мекендерінің маңында жол қатынасын реттеу мәселесі көтерілді.

Қазіргі таңда көрші мемле­кеттердің азаматтары, сонымен қатар, Мақтаарал, Сарыағаш және Шардара аудандарының 12 елді мекенінің тұрғындары А-15 «Жызақ – Жетісай – Сарыағаш –Жі­бек жолы» автожолы арқылы қатынайды.

Аталған автожолмен Қо­ныс­баев кедендік өткізу бекеті арқылы өтетін Өзбекстан, Ауған­­­стан, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және т.б. ел­дер­дің халықаралық тран­зит­тік жүк көліктері де қаты­найды. Мәсе­лен, 2016 жылы осы жол арқылы 42 000-нан астам транзиттік жүк кө­лі­гі өткен. Оның үстіне, Мақта­арал ауданында жылына 1 млн тоннадан астам ауылшаруа­шылық өнімдерін экспорт­қа әкету, оған сырттан құры­лыс және басқа да материалдарды әкелу үшін келетін ауыр жүк көлік­тері де жолға нормадан ар­тық салмақ түсіруде.

«Жызақ – Жетісай – Сары­­ағаш – Жібек жолы» автожолы үшін­ші санаттағы жол болып табылады. Оның өткізу қарқындылығы нақты қалыптасқан жағдайдан көп төмен болып отыр. Мәселен, қолданыстағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының 3.03-09-2006 Нор­мативтер және қағидалар жиынтығына сәйкес үшінші санаттағы жолмен тәулігіне 3 000 көлікке дейін өтуі қажет. Алайда, қазіргі таңда аталған жолмен бір тәулікте өтетін көлік саны 27 000 көлікті құрап, нормадан 9 есе асып отыр. Соның салдарынан 2015-2016 жылдары осы жолда 343 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 505 адам жарақат алып, 77-сі қайтыс болған.

Осыған байланысты ұзын­дығы 56 шақырым болатын бірін­ші санатты айналма жол салу және күніне 120 жүк көлігі өте­тін Қонысбаев кеден беке­тіне де­йінгі 68 шақырым жолды жа­ңарту қажеттігі туындап отыр. Бұл ай­нал­ма жолдың жаңа құры­лы­­сы тех­никалық-эконо­микалық негіз­демесін облыс­тық бюджет есе­бі­нен дайын­дауға әзір екендігі тура­лы  Оңтүстік Қазақстан облы­сы әкімдігі тарапынан 2017 жыл­ғы 2 ақпанда Үкімет басшысы­на №24/859 хат жолданған. Алайда, мәселе әлі шешілмей отыр, ал уақыттың созылуы аталған жол­дың тасымалдау-пайдалану сапа­сының нашарлауына алып келетіні әрі көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Осы орайда Елбасы Н.Назарбаев­тың Қазақ­стан халқына биыл­ғы Жолдауында тран­зиттік тасымал­даудан түсе­тін табысты 5,5 есеге көбейту тапсырмасына сәйкес, аталған жолды болашақта шетелдік тран­зиттік көліктер үшін ақылы ету мәселесін де қарастырған дұрыс.

Асылбек СМАҒҰЛОВ, 

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар