• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Сәуір, 2017

Жаза жұмсарып, тәртіп түзелмек

114 рет
көрсетілді

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің жетекшілігімен өткен кеңейтілген отырыста «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» депутаттық заң жобасы талқылан­ды.

Құжат бойынша жұмыс тобы­ның жетекшісі, Мәжіліс депу­таты Қанат Мусин комитет мүше­лері мен заң жобасын жасаушылар алдында баяндама жасады.

«Жол жүрісі туралы» заң бар­лық қазақстандықтарға қатысты екені және оны қарапайым халықтың өте жиі қолданатыны ескері­ліп, заң жобасы бойынша жұмыс екі жыл бойы мұқият және жан-жақты жүргізілді. Жұмыс тобы­ның 33 отырысы өтіп, жүзден астам түзету қаралған. Нәтижесінде, 55 түзетуден тұратын салыстырма­лы кесте дайындалды», – деді Қ.Мусин.

Жұмыс тобы шеңберінде көп­теген түзетулер талқыланған бола­тын. Ендеше, қалың бұқара үшін оң әсері бар түзетулердің бір­нешеуіне тоқталсақ. Мәселен, бағдаршам алдындағы «тоқтау сызығын» бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 5 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмендетілген; мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде жол жүру ережесін білуге емтихан тапсыру қажет емес болды; дереу келу, өзін таныстыру, куәлігін ұсыну, радардың (қол­данған жағдайда) деректерін айту, тоқтатудың себебін түсіндіру сияқты көлікті тоқтатқаннан кейін полицейдің міндеттері заң жүзінде бекітіледі.

Жұмыс тобы заң жобасына ұсынылған барлық түзетулерді қарай келе, оларды бас коми­тет­тің отырысында талқылау­ды ұсынады. Айта кетейік, ко­митет отырысына мемлекеттік ор­гандардың, парламенттік емес саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері және сарапшылар қатысты.

Нұрлыбек Досыбай,

«Егемен Қазақстан»