Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша наурыз айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 18 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсқа (32-2, 29 КО) қарсы жекпе-жегін өткізген болатын. Онда отандасымыз 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.