• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:08

Елімізде мұғалімдердің табысы 4,1%-ға төмендеген

20 рет
көрсетілді

2025 жылы Қазақстандағы білім беру саласында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 322,7 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,8%-ға жоғарылағанымен, инфляцияны есепке алғанда нақты табыс 4,1%-ға төмендегені байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2023 жылдан бері білім беру саласындағы нақты жалақы тұрақты түрде төмендеп келеді. Әр жыл сайын бұл төмендеу қарқыны күшейіп отыр, яғни қазіргі жағдай алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда айқын байқалады. Жалпы алғанда, білім саласындағы ахуал ел экономикасымен салыстырғанда біршама әлсіздеу сипат алып отыр. Мәселен, 2025 жылы барлық салалар бойынша орташа жалақы алғаш рет 2017 жылдан бері нақты түрде төмендеп, 442 мың теңгені құрады (төмендеу – 1,4%).

Мұғалімдердің білім сапасы қай деңгейде?

Соған қарамастан, жағдайдың толық көрінісін ескеру қажет. 2019-2021 жылдар аралығында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын екі таңбалы қарқынмен өсіп, орта есеппен 17,8%-ға артқан болатын. Бұл өсім білім беру саласына тән ерекше динамика еді, себебі жалпы экономика бойынша жалақы бұл кезеңде шамамен екі есе баяу – орта есеппен 8,4% деңгейінде ғана өскен.

Білім беру саласы жұмыспен қамтылғандар саны бойынша да жетекші орындардың бірінде. Аталған сала барлық зерттелген кәсіпорындардағы жұмысшылардың 29%-ын, яғни 3,8 миллион адамның ішінен 1,1 миллионын құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша ол ең ірі сектор саналады. Олардың басым бөлігі мектептер мен колледждерде еңбек етеді – шамамен 64%, яғни 708 мың адам орта білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Сонымен қатар бұл салада әйелдердің үлесі жоғары – 536,8 мың адам.

Қарағандылық мұғалімдер IMPACT Olympiad олимпиадасында үздіктер қатарынан көрінді

Орта білім беру сегментінде де нақты жалақының төмендеуі тіркелген – 6,1%.

Айта кету керек, 2025 жылға қатысты бұл мәліметтер алдын ала (жедел) деректер болып саналады. Нақты нақтыланған жылдық көрсеткіштер алдағы жаз айларында жарияланады. Әдетте мұндай алдын ала деректер мен кейінгі нақтыланған мәліметтердің айырмашылығы айтарлықтай үлкен болмайды.

Соңғы жаңалықтар