Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен қолғап түйістірді.
Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды
Үш раунд бойы Оразбек Асылқұлов басымдық танытты. Нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жерлесіміз ақтық сынға өтті.