• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Құтқарушы Бүгін, 20:40

Қостанайда көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 40 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын құтқарылды

Бүгін кешкі уақытта Қостанай қаласының бір шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы баспалдақ алаңында орналасқан электр қалқанынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Өрттің жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрады. Қостанай облысы ТЖД күштері оқиға орнынан баспалдақ арқылы тұрғындарды эвакуациялады. 12 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарылды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына №2 шақыру дәрежесі бойынша Қостанай облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, Жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар