• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 18:08

Әлем чемпионаты: Қай құрама ширек финалға жолдама алады?

Бүгін әлем чемпионатының 1/8 финалындағы соңғы екі кездесу өтеді. Осы ойындар аясында ширек финалдың соңғы жұптары анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы матчта Аргентина құрамасы Мысырмен кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Аргентина құрамасы 1/16 финалда Кабо-Вердемен өткен тартысты кездесуде қосымша уақытта ғана жеңіске жетсе, Египет құрамасы Аустралияны пенальти сериясында ұтып, келесі кезеңге өткен еді. Осы ойын Лионель Мессиге үздік сұрмерген атағын сақтап қалу үшін мол мүмкіндік болмақ. Аргентиналық шабуылшы қазірдің өзінде өзі қатысқан алты әлем біріншілігінде 20 гол соғып көш бастап келе жатқанымен, оны Килиан Мбаппе өкшелеп келеді. Француздық шабуылшының қоржынында 19 гол бар.  

Испания қатарынан алты матчта гол жібермеген алғашқы команда атанды

Ал 8 шілдеге қараған түні сағат 01:00-де Швейцария мен Колумбия құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Швейцария плей-оффтың алғашқы кезеңінде Алжирді 2:0 есебімен жеңсе, Колумбия Гананы 1:0 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алған болатын.

Швейцария сапында қақпашы Грегор Кобель мен жартылай қорғаушы Жоан Манзамбиге үміт артылса, Колумбия құрамасы Луис Диас пен тәжірибелі Хамес Родригеске сенім білдіріп отыр.

Испаниядан жеңілген Португалия құрамасының бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді

Еске салайық, бұған дейін Испания, Бельгия, Франция, Марокко, Англия және Норвегия құрамалары әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алып қойған болатын. Бүгінгі ойындарда жеңген қос жеңімпаз команда ширек финалдың соңғы жұбы атанбақ.

Соңғы жаңалықтар