Ұлттық қауіпсіздік комитеті маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды тіркеді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сыбайлас жемқорлық фактілері:
97 парақорлық; 9 алаяқтық; 8 лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану; 7 жымқыру; 3 қызметтік жалғандық жасау; 1 билікті асыра пайдалану.Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың нәтижелері қандай?
Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті анықталды. Сонымен қатар 149 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 129-ы сотқа жіберілді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы – 4,7 млрд теңге. Бюджетке 2,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әділетті қоғам кепілі
Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойған еді.