Түркістан облысының Кентау қалалық соты 27 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды. Олар «Сыбаға» мемлекеттік мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында берілген жеңілдетілген несиелер мен субсидияларды жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ 2,9 млрд теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиені және 508 млн теңге субсидияны заңсыз иемденген.
Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды
Алаяқтық схемасын жүзеге асыру үшін күдіктілер Кентау қаласында несие серіктестігін құрып, жалған құжаттарды пайдаланған. Олардың қатарында іс жүзінде болмаған компания атынан жасалған жалған мүлікті бағалау актілері де болған.
ҰҚК шекарада қылмыстық топтың заңсыз қызметінің жолын кесті
Келтірілген жалпы шығынның ішінде сотталушылар 206 млн теңгені ғана өтеген. Қалған залалды өндіру мәселесі заңнамаға сәйкес қаралатын болады.
Альмира Еслямбекова