Нұра ауданында Сығанақ көшесінің бойында жолдың жүріс бөлігінде жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен құрылғылар панелі отқа оранған. Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!