Отырыс барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік органдардың басшылары жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Қоғамдық тәртіп күзеті мен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, туындайтын мәселелерді шешіп, жедел басқару үшін бірқатар шаралар кешені қабылданып, арнайы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары ішінен жедел штаб пен жұмыс тобы құрылды.
ЭКСПО-2017 аумағында полиция бөлімшесі мен көрмеге жақын маңда өрт сөндіру бөлімшесі ашылды. Көрменің ашылуынан бір ай бұрын Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы жұмысын бастайды.
Жалпы, қоғамдық тәртіп күзетіне 9 мыңнан астам құқық қорғау қызметкерлері жұмылдырылады. Сонымен қатар, көрме кешеніне кіреберістер металды-
детекторлармен, рентген-телевизия қондырғыларымен жабдықталған. Осы жерде бейнесараптама, кескін-келбетті анықтау және келушілерді тіркеу жүйесі қолданылады.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып, көрме кешеніне әкелінген барлық жүк пен тауарларды мобильді инспекциялық-тексеру кешендерінің көмегімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Көрме нысандарында бақылау жүргізіп, жедел әрекет ету мақсатында 2 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылған, ол Астана қаласы ІІД-нің Жедел басқару орталығына қосылған.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өткізілетіні белгілі. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО-ның негізгі нысаны − халықаралық павильонның пайдалануға берілгенін мәлімдеді. 125 ел мен 21 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растады. 88 ел жұмысқа кірісіп кеткен, ал тағы 13 мемлекет алдағы аптада кірісетін болады.
Ведомствоаралық комиссия отырысын қорытындылай келе, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бойынша үлкен дайындық және ұйымдастырушылық жұмыстарының жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, көрме қонақтары мен қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екенін айтты.
А.Мамин ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағындағы құқық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтермен танысты. Ол жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде, «Есіл» ауданы ІІБ-нің полиция бөлімінде және Логистика орталығы мен Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығында болды.