• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Сәуір, 2017

Көлік тұрағы көрме кезінде оңтайлы шешіледі

167 рет
көрсетілді

Халықаралық көрме өтетін үш ай ішінде елордадағы ЭКСПО қалашығы аумағында көлік­тердің көбейетіні рас. Сон­дық­тан, көлік тұрағын тиімді басқарған маңызды.

Мамандардың мәліметінше, көрме кешенінен оңтүстік бағытқа қарай жеке көлік иелеріне арнал­ған екі парк салынуда. Сыйымдылығы – 9500 орын. Қонақтардың көрмеде болу уақыты орташа есеп­пен 7 сағатты құраса, кептеліс кезінде көлік­тер­дің дені сонда қойылады деп болжануда. Ал мүм­кіндігі шектеулі жандар үшін кіреберістердің дәл жанынан тұрақ орындары белгіленеді. Олардың саны жалпы орынның 0,5-1 пайызын құрамақ.

VIP-меймандарға арналған кіреберісте және ұйымдастырушылар кеңсесі жанында шамамен 16800 шаршы метр жер асты тұрағы болады. Айта кетейік, Конгресс-орталықта VIP-қабыл­даулар, баспасөз мәслихаттары өткізіледі әрі ұйым­дас­т­ыру­шылардың кеңсесі орналасқан. Тұрақ 480 орынға лайықталғандықтан, VIP-меймандарға, БАҚ өкілдеріне және компания қызметкерлері үшін жеткілікті болмақ. Көрме өтетін үш ай ішінде шамамен 61000 VIP-мейманды қабылдау үшін 500 көлікке арналған тұрақ қажет. Бұл барлық күтілетін келушілердің 1,2 пайызын құрамақ.

Қарбалас күндері жүргізушілер көліктерін жақын маңдағы аудандарға қоюы әбден мүмкін. Бұл жағдайда ЭКСПО-2017 аумағы айналасын­дағы тұрғылықты орамдар 2000 көлікке дейін қабыл­дай алады. Көрме өтетін уақыт аралығын­да бар­лық қатысушылардың кемінде 1 пайызы іргелес көлік қою орындарын пайдалануға мүм­кін­діктері бар. Ең ауқымды жоба – кеңсе қыз­мет­керлеріне арналған тұрақтар. Олардың саны – үшеу. Ұйымдастырушылар қатарындағы 5675 қызметкер екі ауысымда еңбек етеді. Орындардың тең жартысы ауысым өзгерген кезде бос болуы қажет. Сондықтан, тұраққа ұсынылатын орындар шамамен кеңсе қызметкерлерінің 42 пайызын қамтамасыз етеді. Ал ЭКСПО-қалашықта тұра­тын азаматтар, яғни көрмеге қатысушылар жаяу қатынайды деп болжануда. Басқа қызметкерлер қоғамдық көліктің мүмкіндігін пайдаланғаны дұрыс. Құқық қорғау органдарының 200 қызметкері патруль көліктерін нақты қажеттіліктерге қарай тұраққа қоятын болады.

Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар