• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 12 Сәуір, 2017

Ардың жолы – таза жол

960 рет
көрсетілді

Қазір өте тез тарайтын жаңалықтардан пара алғандар, қазынаның қар­­жы­сына қол салғандар, дүниенің соңына түсіп алаяқтықпен ай­на­­лы­сқандар туралы күн құрғатпай естіп-көріп отырамын. Атақ­т­ы уни­вер­ситеттерден білім алған, сыртқы келбетінде де, білі­мін­д­е де мін жоқ жап-жас жігіттердің осындай ісіне қарның аша­ды. «Баласы көкпарға шапса, үйде отырып әкесі тақымын қы­са­ды» деген, өзің қызмет істеген мектепте оқыған, өзің сабақ бер­ген оқу­шылар өмірде жетістіктерге жетіп, биікке көтеріліп жатса «ха­лық­тың баласы» деп кәдімгідей қуанасың. Ал лауазымдық қыз­мет­те отырған олардың жаман аты шықса, ұяттан қабырғаң қа­йыс­қан­дай болады. Мұндай көңіл-күй барлық ұстаздың басынан өтіп жатады.

Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз «Адам­ның әуел бастан тоқымашы немесе хатшы бо­лып тумайты­ны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жа­р­а­­тылысынан дарымайды» деп, тәрбиенің адам өміріндегі зор ма­ңы­зын меңзеген екен. Сөз басын тәр­биеден бастауымыз тегін емес. Жақында ғана Қостанай қала­­сын­да­ғы Алтынсарин мемо­риал­­дық музейінің қыз­мет­кер­лері ұйым­дас­тырған «Жаның да, тә­нің де таза болсын!» атты дөң­гелек үстел отырысына қатыс­тым. Ұлы педа­гог­тің «Таза бұлақ» әңгімесінің желі­сімен өрбі­ген пікір алмасуда мен де өз ойым­ды білдірдім. Ыбырай айт­­қан тазалықтың астарында ар-ұж­дан­ның кіршіксіздігі, адам­ның рухани әлемінің сұлулығы жатқанын сөз еттім. Қандай лауа­зым иесі болса да ру­хани бай бо­лып, адамдықты ту етіп ұс­та­са, бү­гінгі қоғам үшін жегі құрт­тай қауіп­ке айналған сыбай­лас жем­қор­­лық та асқынбас еді. Бар­ша­­мыз баланы рухани бай етіп тәр­бие­­ле­у-

дің маңыздылығы жөнінде біле­міз және жегі кеселдің білім беру саласынан аулақ болуын тілейміз.

Ұлы ағартушы Ыбырай небәрі 22 жа­сында «Шәкірттерімнің адам­гер­шілі­гі­не ықпал жасау үшін, келешекте олар­дың парақор болып кет­пеуі үшін бар кү­шімді салып әре­кет етудемін» деп ж­а­­зып­ты. «Адам­гершілік» пен «пара­қор» сө­з­дерінің мағыналық жағы­на­н бір-бі­ріне жа­наспайтыны секілді бола­шақ ағар­тушы жас та болса, парақор адамнан ешқандай жақ­­сыл­ық күтуге болмайтынын ескерт­кен. Ыбырай бабамыздың жемқор­лар­ды жек көріп, қоғам үшін қауіп­ті құ­бы­лысқа қарсы тұрғанын оның хат­тарындағы жолдар да ай­ғақ­та­йды. Ол «Бас-аяғы 10 жыл ішінде миллионер бай болған, оған дейін ешнәрсесі болмаған, осы елдің күшті жемқорлары­ның бірі олардың істеп жүргендерін менің жаратпайтындығымды біліп қалды. Сондықтан ол мені бұл ара­дан қуып жіберудің ама­лын істеп жүр», деп жазады. Осы­лайша ісімен де, «Кө­ңі­лің­ді, бойыңды осы бұлақтай таза ұста, кө­ңілің сол рәуішті сыртқа ашық көрі­ніп тұрсын» деген сөзімен де ұлы ағартушы адамгершіліктің бас­тауында ар тазалығы, адамның руха­ни дүниесінің кіршіксіздігі тұр­ғанын көрсетіп кетті.

Ы.Алтынсарин өнегесінен, оның тәрбие жөніндегі тағылы­мын айтуымыз тегін емес. Тәрбие қай за­манда да, қай қоғамда да өзек­­­ті­лі­гін жойған жоқ. Адам­­гер­ші­лік бол­маса, соңы қылмыс­пен аяқ­­т­а­­ла­тын жаман әдеттер ұлт­тың да та­мы­рын суалтады. Қо­ғам­ды жем­­қор­­лық пен имансыз­дық жа­й­­ла­ған кез­де қай саладан да бәсе­ке­ге қ­а­­­бі­леті нашарлайтын ұлт­ты жа­һан­дану жалмап қоймай ма деген қауіп көңілді күпті етеді. Пе­дагог-ға­лым­дардың елімізде білім беру сала­сын­­да жақсы жетіс­тіктерге қол жет­кізу­ге ден қойы­лады да, жастарға ру­ха­ни-адамгер­шілік тәрбие беруге жет­кі­­лікті көңіл бөлінбейді, деуі де қа­зір­гі оқу-тәрбие ісінің әлсіз тұсын көр­­се­тіп тұр. Әйтсе де бұл тәр­бие­ші­лер­дің, жалпы жұрт­шы­лықтың жа­най­қайына айналмай тұрғаны өкініш­ті-ақ. Заман талаптарымен үн­де­се әре­кет жасау­ға құлықсыз секілдіміз.

Иә, адамгершіліктің маңызды құрам­дас­тарының бірі – ар таза­лығы. Осы орайда Шәкәрімнің «Ақ жолдан айнымай, Ар сақ­та» де­ген өсиет сөзі ойға оралады. Күн тәр­­ті­­бін­дегі көкейкесті мәсе­ле сыбайлас жем­­қорлықпен күрес­ті Мемлекеттік қыз­мет және сы­бай­ластыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігіне, құқық қорғау орган­да­рына теліп қойғандаймыз. Әйт­песе, күн сайын дерлік бұқара­лық ақпарат құрал­да­рында ай­тылып та, жазылып та жатқан жем­қор­лық көрі­ністеріне көз жұма қарамас едік, тіпті бойымыз үйреніп бара жат­қан­дай?.. Адами капитал сапа­сын жақ­сарт­у-

­ға жауапты білім сала­сы қыз­мет­керлері осы тақы­рып­қа арнайы көңіл бөліп, жүй­е­лі

жұ­мыс іс­тегендері жөн-ақ. Бүгінде «Мәң­­гі­лік Ел» құндылықтары негі­зін­де оқы­­ту мен тәрбиелеудің бір­­тұ­тас­ты­ғын қам­тамасыз ету қа­жет­­ті­лігі күн тәртібінде тұр­­ға­ны бел­гілі. Қазақстандық пат­рио­­тизм­ге тәрбиелеу тұжы­рым­дама­с­ын әзір­леп, ұлтжандылықты дамы­туға ба­са көңіл бөлу көз­делуде. Біреу­дің ала жібін атта­мау, жасаған жақ­сылы­ғың­ды мін­дет­сінбеу, көр­сет­кен кө­ме­гің­нің қай­тарымын қала­мау, жеке пай­­даны қуып, өз мүддесін бәрі­­нен жоғары қоймау секілді қа­­ра­­пайым ұғымдарды балаға от­­ба­сын­да ұғындырып, кейін бұл тұр­­ғы­дағы тәлім-тәрбиені бала­бақ­ша, мектеп, өзге де оқу орын­дарында үзбей жалғастырар бол­сақ, қо­ғам­ды жегі­дей жеген індеттің беті қай­тары хақ. Хакім Абайдың сөзімен ай­тар болсақ, пайда ойла­май, арды ой­лай­тындар қатары қа­лың­дар еді. Көр­некті педагог В.А.Су­хо­м­лин­ский «Жаман­дық­тың үлкені – пайдакүнемдік. Пайда қуған адам шыншыл да, прин­ципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмай­ды» деген екен. Шы­нын­да да, пайда қуған, жеке ба­сы­ның қамын күйт­теп, тек қал­та­сын қалыңдатуды көз­­деген адам­нан ешқан­дай жақсылық кү­ту­ге бол­масы анық. Олай болса, Елбасы Н.Назар­бае­в­тың «Қазақстанның үшінші жаң­ғы­руы:жаһандық бә­се­кеге қабілеттілік» ат­ты Жол­дауын­дағы бес басымдықтың бі­рі – адами капитал сапасын жақсарту ба­ғытында өскелең ұрпаққа рухани-адам­гер­ші­лік тәрбие берудің ықпалды да ұтымды жол­дарын ойластырып, жүйелі жүргізуге мектеп, ата-ана ғана емес, қоғам, ел болып жұмылайық дегім келеді.

Пиалаш СҮЙІНКИНА, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар