Павлодар облысы Аққулы ауданының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиырмадан астам полигоны анықталды. Қоқыс төгілген орындар экологиялық-санитариялық талаптарға сай болмаған әрі нормативтік-техникалық құжаты болмаған, деп жазады Egemen.kz.
Сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу үшін жинақталған қалдықтардан түзілетін фильтрат пен ағын суларды бақылау жүйесінің жолға қойылмағаны белгілі болды.
Өздігінен пайда болған полигондар қоқыс газының шығарындыларын бақылау жүйесімен жабдықталмаған.
«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері Үлкен Алматы өзенінің жағалауынан 20 тонна қоқыс жинады
Анықталғандай, олар коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз төгу салдарынан пайда болған. Ал жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қадағаламаған.
Нәтижесінде 8 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұлдар төлеген.
Тазару күні ел аумағынан 2,7 тонна қоқыс жиналды