• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 13 Сәуір, 2017

Рухани жаңғыру: озығын алып, тозығын тастау

1910 рет
көрсетілді

​Елбасы елімізді рухани жаңғыр­ту­дың бірегей бағдарламасын ұсын­ды. Бұл халқымызға рухани жол көр­се­те­тін нақты бағдар екеніне күмән жоқ.

Елбасы атап көрсеткендей, XX ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы дәуір болды. Бұл ақиқат. Мыса­лы, ашаршылық кезеңінде қазақ хал­­қының жартысынан астамын жоғал­тып алдық. Бұл, бүкіл адамзат тари­хын­­дағы ең ауқымды қасіреттің бірі және сол кездегі биліктің бүкіл адам­­затқа қарсы жантүршігерлік қыл­­мысы. 

Дегенмен, Президент айтқандай, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды. XX ғасырда Қазақстан бірқатар жетіс­тіктерге де қол жеткізді, олардың ішінде индустрияландыру және әлеу­меттік инфрақұрылымның негізі қа­лып­тасты. Алайда, осы жерде біз бә­рі­міз, сол кезеңдегі жаң­ғы­рудың қазақ ұлтының жаңғыруы болма­ға­нын айқын түсінуіміз керек.

Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қа­зақ­стан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стра­те­гиясының негізінде басталды деп дүдәмалсыз айтуға болады.

Әлемдегі әрбір ұлттың әлеуеті – бұл тарихтың сабақтарынан үлгі алуы мен тәжірибе жинақтаудағы қабі­летіне тікелей байланысты. Мысалы, Қы­тай XV ғасырда бүкіл әлем­дегі ішкі жалпы өнімнің жартысына ие болды. Бірақ, басқа әлемнен оқшау­ланып, «Күн астындағы» империя­мыз деп тоқмейілсіген қытайлар индустрия­лық жағынан әлемдегі да­мыған мемлекеттерден кенже қалып, Батыс елдері тарапынан басқын­шылыққа ұшырады. Ал XIX-XX ға­сырларда азамат соғысының тауқы­метін бастан кешірді. Тарихтың сабақ­тарын ескерген Қытай қазір эконо­микада, жаңа технологияларды ен­гізіп пайдалануда едәуір ілгері­леуге қол жеткізді.

Сондықтан, Елбасы халқымызға өз дүниетанымын түбегейлі өзгерту жөнінде нақты кеңес беріп отыр. «Өзім­дікі таңсық, өзгенікі қаңсық» деген пайым қазіргі ұғымға мүлдем сай кел­мейді. Бұл ретте, еліміздің бү­кіл дүние жүзіндегі жағымды үде­­­ріс­­­терге сәйкес келуі аса маңыз­ды.

Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсы­­нылуы уақыт талабы мен ел дамуы­­ның тарихи кезеңіне сай, маңы­­зы зор шешім болып отыр. Бұл идея­ның үшінші жаңғырудың өзегі­не айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.

Біз саяси жаңғыру мен эко­но­ми­калық реформаларды жүзеге асыруды қолға алып, бүгінгі күнге нақ­ты нәтижелермен же­тіп отырмыз. Президент бұл мақ­сатты толық орындау үшін «Са­на­мыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», – деп нақты міндет қойды.

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше мін­дет­­терді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тари­­хынан бастау алатын рухани ұстынды сақтап қалу. Тарих­тың белестерінен сүрінбей өткен құн­дылықтарымыз бен озық дәс­түрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында баба­лардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкіл­деп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түле­туіміз керек», − екенін атап көр­сетті.

Президент рухани жаңғы­ру­дағы ұлттық сана-сезім көк­жиегін кеңей­туде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі – ұлт­тық код, ұлттық мәдениет сақтал­маса, ешқандай жаңғырудың болмай­тын­дығы. Екіншісі – алға басу үшін ұлт­тың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея – болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау.

Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық біре­гейлікті сақтап, ұлт­тық сана-сезімнің көкжиегін кеңей­ту жайлы болып отыр. Елба­сының «Бізге тарих туралы өз­дерінің субъективті пайым­дарын тық­палауға ешкімнің қа­қысы жоқ», − деуі шешімді пікір.

Адамзат тарихына үңілсек, әлем­дегі озық өркениеттер ұлт­тық сипат­тан бастау алғандығын білеміз. Үшінші жаңғыруда біз әлемге елі­міз­дің жаңаша бет-бейнесін танытуы­мыз қажет. Мұнда ең алдымен сапа керек. Біз өткен дәуірден қалған тап­таурын қағидаларды өзгертіп, орын­­далмайтын «елес идео­логия­лар­дан» бойды аулақ ұстап, жаңа праг­мати­калық сипаттағы деңгейге қол жеткізуіміз қажет.

Әлемдегі түрлі революциялар еш­қашан оңтайлы нәтижеге әкелген емес. Қазақстанның тәуелсіздік кезең­ін­дегі жаңғыруы байыпты қалып­та, уа­қыт талабын ескере отырып, ке­зең-кезеңімен жүзеге асуда. Эво­лю­циялық жолмен жаңғыру қазақстан­дық даму жолының негізгі кілті екен­дігін ұғынып, әрбір қазақстандық аза­мат­тың басты бағдарына айналуы тиіс.

Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі − «са­наның ашықтығы». Жаһандану үрді­сіндегі бас­ты талап − әлемдік тіл­дерді мең­геруге ұмтылу. Бұл біздің ғалам­дық үрдіске толыққанды арала­­суы­мызға жол ашады. Әлемдік озық тәжі­рибе мен жетістіктерге қол жет­­кі­зуімізге мүмкіндік туғы­затыны анық.

Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақты анық­тап беріп отыр. Соның бірі – ла­тын әліпбиіне көшу. Бұл орай­да, қазақ әліпбиінің жаңа гра­фи­­ка­дағы бірыңғай стандарт­ты нұс­қасын қабылдайтын боламыз.

Білім беру жүйесінде дүние жүзінде баламасы жоқ бағдар­лама іске асырылатын болады. Әлемдегі ең жақсы әр түрлі тіл­дердегі 100 оқулық қазақ тіліне аударылады. Бұл халқымыз­дың білімін әлемдік кеңістікке, ғаламдық деңгейге алып шығуға тың серпін беретіні сөзсіз. 

Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуы­мыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» жобасын іске асыру мін­детін қойып отыр. Мәдениеті­міздің озық үлгілері әлемдік дең­гейде кеңінен танылып, дүние жүзін­дегі бәсекеге қабілеттілігі халық­аралық деңгейге сай болуы қажет. Мә­де­ниетті жа­сай­­­тын халық болған­дық­тан, осы идеяның аясында заман­дас­­­тарымыздың жетіс­тіктерін көр­се­туге бағытталған «Қазақ­стан­дағы 100 жаңа есім» жобасы қолға алынатын болады. Бұл тәуел­­сіздік жылдарындағы же­­­тіс­­тік­­терге қол жеткізуге мол үлес қос­­қан тұлғаларымызды елге та­­ны­­туды көздейтін жоба болмақ.

Елбасы ұсынып отырған рухани жаңғырудың негізгі сипаты өткен мен болашақты үйлестіре жүзеге асыру болғандықтан, біз мұны екі арнада іске  асыруымыз қажет. Оның бірі − ғаламдық жетістіктерді өзімізге әкелу арқы­лы жаһандық дамуда өз үлесі­мізді алу. Екіншісі – өткен тарихы­мыз бен дәстүрлерімізден асыл құн­дылықтарымызды қайта жаң­ғыртып, ұлттық бірегейлі­гімізді сақтап қалу. Осы орайда, Елбасы ауқымы кеңейіп, «Ту­ған елге» ұласатын «Туған жер» бағ­дар­ламасын қолға алуды ұсынып отыр.

Елбасы ұсынған рухани жаң­ғы­ру бағдарламасы оны дәйекті түрде жүзеге асыру тұрғысынан жан-жақты талқылау мен зер­де­леуді қажет ететін маңызды құ­жат болып табылады. Бұл жерде, нем­құрайлылық пен дүмбілездік орын алмауы тиіс. Өйткені, бұл мәселе біздің ұлтымыздың бола­шағы мен рухани әлеуетіне тіке­лей қатысты. Түптеп келгенде − бұл күйзеліс пен дүрбелеңнің, сонымен қатар,  прогресс пен да­мудың алмағайып кезеңінде Қазақ­станның экономикалық және технологиялық жаңғы­руы­ның идео­логиялық негізі. Біз, қазақ ұлты рухани жаңғыру арқылы өрке­ниетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналамыз. Бұл – біздің тарихи таңдауымыз.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. 

Соңғы жаңалықтар