• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 13 Сәуір, 2017

Кездесу Елбасы мақаласына арналды

170 рет
көрсетілді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Л.Н.Гумилев атын­дағы Еура­зия ұлттық университетінде болды. Онда ол жо­ғары оқу орнының про­фес­­сорлық-оқытушылар құрамы мен студент­терінің алдында сөз сөйледі. Кездесу Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына арналды.

«Нұр Отан» партиясы Төр­аға­сының бірінші орынбасары ғалым­дарға, ұстаздар қауымына, әсіресе, жастарға Мемлекет басшы­сының жаңа ғылыми еңбегін табан­ды­лықпен мұқият зерттеп шығуға кеңес берді. Мұхтар Құл-Мұхам­медтің айтуынша, бұл мақалада қазіргі Қазақстанның бас­ты рухани құндылықтары айқын көрініс тап­қан.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партия­сы Төрағасының бірінші орынба­сары Елбасы назар аударған мәсе­лелердің дәл қазіргі таңда өте өзекті екеніне екпін түсіре келіп: «Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт рухания­тын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін ру­хани жаңғыру бағдарламасы. Елбасының жүрек төрінен шыққан асыл сөздері сіздерге – тәуелсіз Қа­зақстан жастарына арналған», – деді.

Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысы үш бірдей тарихи бас­тама көтергенін айтқан партия Төр­аға­сының бірінші орынбасары: «Бірін­шіден, Елбасы өзінің халыққа ар­наған биылғы Жолдауында елі­міз­ді технологиялық дамудың жаңа деңгейіне шығаратын Қазақ­стан­ның кең ауқымды экономикалық жаңғыруына жол ашты. Екіншіден, ірі экономикалық қайта құрулармен қатар, бірегей конституциялық реформа арқылы мемлекетіміздің саяси жаңғыруын қолға алды. Ал енді Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын ұсынып отыр», – деді.

Мұхтар Абрарұлының айтуынша, барша қазақстандық, соның ішінде зиялы қауым өкілдері әрдайым ұлт руханияты мен оның құндылықтарына ерекше назар аударып келді. Латын әліпбиіне тезірек көшу мен тәуелсіз заман жастарының шетел тілдерін мең­геруі қажеттігіне тоқталды. Әрбір жастың ұлт руханиятының қайнар бастауынан сусындап, ата тарихы мен бабалар мәдениетін ардақтай білгенде ғана жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасатынына айрықша мән берді.

«Рухани жаңғыру дегеніміз, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мә­дени дәстүрлерді берік сақ­тай отырып, оны жаңа заман жетіс­тік­тері­мен, жалпыадамзаттық құнды­лық­тармен байыту», деп атап көрсетті пар­тия қайраткері.

Жаһандану жағдайындағы жал­пыадамзаттық құндылықтарды мең­геру  мәселесіне кеңінен тоқтала келіп, Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Біз жақсылықтардан жатсынбауымыз керек. Мәдениет пен әдебиет, ғылым мен білім салаларындағы бүгінгі заман жетістіктері біз­дің жас­тарымыздың да ортақ игі­лігіне айналуы тиіс. Абайдың «Адам­зат­тың бәрін сүй бауырым деп» айт­қан философиялық өсие­тінің мән-мағынасы дәл осындай ұлт­тық және жалпыадамзаттық құн­ды­лық­тар бірлігінде деп есептеймін», – деді.

Сөзінің соңында «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының бі­рін­ші орынбасары: «Елбасы мақа­ласында қоғамның рухани ұстыны мен ұлт­тық идеяның мазмұнын қалып­тастыруға қатысты өзекті мәсе­ле­лерге нақты жауап берілген. «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйы­лып, қатып қалған дүние емес. Ол үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті» деген сөздерде әр буын өкіл­­дерінің ұлттық құндылықтарды өз заманының ең үздік, ең озық же­тіс­тік­терімен байытып отыру керек­­тігін жастарымызға айқын түсін­­діретін өнеге бар. Рухани жаң­ғырудың басты бағыт-бағдары да осында», – деді.

Сондықтан, Мұхтар Құл-Мұ­хам­мед Мемлекет басшысы жария­лаған бірегей бағдарламалық құжат барша қазақстандықтың жаппай қолдауына ие болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар