Республиканың оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей кезде 30 м/с дейін артады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман басып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.