Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына Жолдауында айтылған ойлар мен идеяларды әрі қарай дамыта, байыта отыруымен мазмұнды. Сондай-ақ рухани жаңғыруға, заманауи әлемді қайта құруға және ұғынуға қабілетті, бәсекеге лайық мамандардың дамуын үйлесімді қалыптастыруға үлкен маңыз беретіндігімен ерекшеленіп отыр.
Тарихи дәуірлер мен кезеңдердің қайсысын алып қарасақ та, ұлы ойшыл даналар мен саясаткерлер елдің рухани әлеуетін дамыту қажеттілігі жөнінде, мемлекеттік институттың осы бағыттағы рөлі туралы айтып келеді. Біздің заманымызда бұл дәстүр «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа бағдарламалық құжатында көрініс тауып отыр.
Президент Н.Назарбаев тұлғаларды қалыптастыруда университеттердің маңызды орны бар екенін атай отырып, әлеуметтану, философия және психология бағытындағы гуманитарлық саланы күшейту туралы сөз қозғады. Еліміздің өскелең жас буынына қарата айтқан сөзінде жастарды рухани, адамгершілік тұрғыдан кемел болуға шақырды. Өйткені инновациялық әлеуетті жеткізуші және құнды ресурстарды жүзеге асырушы жастар болмақ.
Жоғары мектеп оқытушысы және психология магистрі ретінде мен үшін бұл құжаттың маңыздылығы жоғары. Өйткені мақалада қоғамымыздың қуатты қырларының негіздері егжей-тегжейлі жазылған. Яғни, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы – қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруына негіз болып отыр.
Людмила ГИТИХМАЕВА,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары