• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Сәуір, 2017

Ойы биік, рухы бай халық өрге басады

250 рет
көрсетілді

Біздің еліміздің тарихы – өмір шындығына ай­нал­ған қай­та­ланбас мүм­кін­діктер ше­жі­ре­сі. Еліміздің бағындырған бе­лес­тері мен жеңістерінің, қол жет­кіз­ген табыстарының артында Президентіміздің қажымас күш-қайраты мен ұзақ жылдар бой­ғы өлшеусіз еңбегі тұрғаны сөз­сіз. Осы жолы да Мемлекет бас­­шысы бар­ш­а­мызға өзінің сая­си кө­регендігі мен ұлы стратег ре­тін­дегі талантын кезекті мәрте көр­сетті.

Жуырда ғана қазақстан хал­қы үшінші жаңғыру жолына қадам басқан болатын. Бұл де­г­е­німіз, уақыт та­лаптары мен жа­һан­дық үде­­рістерге жауап бе­ре­тін эко­­­номикамыздың ғана жаң­ғы­­­руын білдірмейді, сондай-ақ, ол Ота­нымыздың та­ри­хын­­дағы жаңа лепті се­зін­ді­­реді, ұлттық санамызды қай­­та жаңғырту қажет еке­нін аңғартады. 

Мемлекет басшысы өз ма­қа­ла­сында дөп басып айт­қандай, ру­хани құн­ды­лық­тарсыз сана то­­лық­қан­ды жа­ңармайды. Тех­но­­л­огия мен инновацияға, эко­­­но­ми­каның жа­­ңа салаларын да­­мыту мен ин­фра­­құрылымға кө­­­ңіл бөле отырып, біз рухани құн­­­ды­лық­тар­ды да ұмытпауымыз керек. Себебі, кез келген халықтың дамуы үшін руханиұстынның орны өлшеусіз зор.

Ұлы халықтар әрдайым үй­ле­сімділік жолымен жү­реді. Ру­ха­ни тұрғыда гүл­де­ну қа­шан­да тір­шіліктің бар­лық саласының өр­кен­деуіне ық­пал етеді. Өйткені, ке­мел бі­лім­ді әрі рухы бай адамдар уа­­қыттың жаңа талаптарына дер кезінде жауап беріп, дұ­рыс ше­шім қабылдай алады.

Елбасы осыны терең тү­сі­ніп қана қоймай, бізге таяу бо­­ла­­шағымыздың көрінісін көр­сете оты­­рып, рухани жаң­­­ғы­рудың 6 ба­ғы­тын ұсы­­н­ды. Ұлы Даланың та­лай ғ­асырлар бойғы мұрасы, хал­­­қы­мыздың даналығы мен өмір­лік ба­й тәжірибесінің қосындысы осы рухани жаң­ғы­руға негізгі ұс­тын болады.

Мақалада көрсетілген идея­лар, ақи­қа­тында, Қа­зақ­­­станның рухани са­­ла­-

сын­­­дағы ре­фор­маторлық жаңа­шыл­дық­­тар болып табылады. Бағдарламалық ма­­қаланың нә­ти­­же­ле­ріне жа­қын арада куә бо­ла­тынымыз кү­мән­сіз.

Мемлекет бас­шы­сы үшінші жаң­­ғы­ру­дың ау­қым­ды мін­­дет­­терін іске асыру адами ка­­питалға, ұлттың интел­ле­к­туа­л­дық мүмкіндіктері мен рухани күш-қуатына ті­ке­лей тәу­елді екенін қоғамға ай­қын түсіндіріп бер­ді. Пре­зи­­денттің ма­қаласы хал­қы­­мыз­дың рухани жа­ғынан өсуі туралы тол­ғаныс не­месе бо­лашаққа фи­лософиялық тұр­ғы­да көз тас­тау ғана емес. Бұл ма­қалада бүгінгі таңдағы өте өзекті қоғамдық-саяси жә­не мә­де­ни-ру­хани жобалар түріндегі нақ­ты ша­ралар кө­рініс тапқан. Ай­тыл­ған жо­ба­лардың әрқайсысы автор ұсы­нған идея­ларды іс жүзіне асы­­ру­ға нақты бағыт-бағ­дар береді.

Елбасы алға қойған жа­ңа мін­деттер Қазақстан хал­­қы­ның көк­жи­егін ке­ңей­тіп, мем­ле­к­етімізді әлемд­ік дең­гей­ге бүгін­гі­ден де биік көтеретініне се­­ні­м­дімін.

Нұрбах РҮСТЕМОВ,

Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

Соңғы жаңалықтар