• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 13 Сәуір, 2017

Ұйым аясындағы ынтымақтастық нығаяды

155 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин жетекшілік еткен жалпы отырыста депутаттар бір­қа­тар заң жобасын талқылады. Оның ішін­де депутаттар тарапынан қызу пікір­та­лас тудырғаны көлік мәселелері бой­­ынша түзетулерге қатысты заң жо­ба­сы мен Ислам Конференциясы Ұй­ы­мы­на мүше елдер арасындағы эко­но­­микалық, техникалық және сауда ын­­тымақтастығы туралы бас келісімге бай­­ланысты ратификациялық заң жоба­сы болды.

Ең алдымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу ту­ралы» заң жобасын бірінші оқылым­да таныс­тыру үшін сөз кезе­гі  Мәжіліс депутаты Уә­л­и­­хан Қайназаровқа ұсы­ныл­­ды. Ол аталған құ­жат­т­ың мақсат-міндеті мен қызмет ауқымына қатыс­ты мәселелерді егжей-тег­жей­лі баяндап, бірқатар түзетулер әуелі бірінші оқы­лымда, кейіннен депутат­тар ұсынысымен екінші оқылымда қа­ралып, ма­құл­данды. Заң жобасын­да сауда мақ­сатында теңіз­де жүзу саласындағы ұлттық заң­наманы халықара­лық шарттардың талаптары­на сәйкес келтіру ұсыныл­ған­дығын да айта кетейік.

Сонымен қатар, құжатта шағын көлемді кемелерді есепке алу мен тіркеуге бай­­ланысты мемлекеттік жү­йені жетілдіруге, рельс­тік көліктердің қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге баса назар аударылған. «Қа­зір­гі таңда мет­ро­по­ли­тендегі қозғалыстың қауіп­сіздігін және тех­ни­ка­лық құралдардың жай-күйін бақылау жер­гілікті атқару­шы органға бекітілген. Ал қа­ла­­лық рельстік көлік түр­леріне қатысты бақылау жоқ. Соның салдарынан 2015 жылы Алматы қала­­сын­­да трамвай 14 авто­кө­лік­ке залалын ти­гіз­гені есі­мізде. Сондықтан да, бұл құжат темір жол сала­сын­­дағы тармақ иелену­ші­лер мен кір­ме жол­дар тұтыну­шыларының арақаты­насын рет­теу­ді көздейді», – деді У.Қайназаров.

Жалпы отырыста «Ис­лам Конференциясы Ұйы­мына мүше елдер арасын­дағы экономикалық, тех­никалық және сауда ынты­мақ­тастығы туралы бас келі­сімді ратификациялау туралы» заң жобасы депутаттар тарапынан қолдауға ие бол­ды. Аталған құжат жөнінде негізгі баянда­ма­ны  жасаған Ұлттық экономи­ка министрі Тимур Сү­лейменов келісім мақсаты – Ислам Ын­тымақтастығы Ұйы­мына мүше мемлекет­тер ара­сын­дағы сауда-эко­но­микалық, техника, тех­но­логия салаларында ғылы­ми ынтымақтастықты да­мы­ту және оны жүзеге асыру бағытындағы қа­рым-қатынасқа құқық тұрғы­сынан жаңа мүм­кіндіктер ашып, өрісін кеңейтіп, бекіту екендігін атап өтті.

«Қазақстан 2015 жылғы 25 қарашада Ыстанбұл­да қол қойған бас келісім арқылы сау­да, инвестициялар, ғылым мен технология салаларындағы ын­тымақтастықты ны­ғайтуға ниетті. Ол бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Сау­да саласындағы келісім мүше елдердің бір-бірі­мен тең құқылы және кемсітпейтін сауда қатынастарын қол­дануға, сауда алмасуларын кеңейтуге және дамытуға күш-жігер жұмсауға ұмты­лыстарын көздейді. Ал инвес­тиция бойынша ИЫҰ-ға мүше елдер, әсіресе, Сауд Арабиясы, Кувейт, Бірік­кен Араб Әмірліктері, Катар, Бахрейн сияқты араб ел­дерінің тобы – дамыған жә­не дамушы әлемнің экономикалары үшін ірі инвесторлар болып табылады.

Атап айтқанда, БАӘ инвестициялық қор­ла­ры­ның ресурстары 1 трлн АҚШ долларын құ­рай­ды. Сондықтан, аталған ел­дердің біздің экономика­ға тікелей инвестициялары­ның кө­лемі 2,3 млрд АҚШ долларын құрайды. Және үші­н­ші бағыт ғылым мен технологияларға не­гіздел­ген. Капиталдан басқа ислам елдерінде озық технологиялар бар. Осы кезеңде мұнай экспорттаушы елдер аталған шикізаттың экспортына негізделген даму моделін өзгертуге тырысуда. Олар ақпараттық-коммуникациялық тех­нологияларға сүйенетін экономиканың озық секторларын қаржыландыру арқылы эко­но­ми­ка­лық жаң­ғырту саясатын жүр­гізуде», – деген ми­­нистр, сондай-ақ Қазақ­станға сарапшылар тарту, бірлескен зерттеулер жүргізу және білім бе­ру сти­пендияларын алу арқылы тәжірибе жә­не техникалық мүмкіндіктермен алмасуға мүм­кіндік берілетіндігіне тоқталды. Осы орай­да, биыл­ғы жылдың 10-11 қыр­күйегінде Астанада ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу жоспарланып отырғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, жиын барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне қорғаныс және әскери қыз­­мет мәселелері бойын­ша өз­­герістер мен то­лық­ты­­ру­­лар енгізу туралы» жә­не «Қазақстан Рес­пуб­ли­касы­­ның кейбір заңнамалық акті­леріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобаларын екін­ші оқылымда ма­құл­дап, «Қазақ­стан Респуб­лика­сы­ның дип­ло­матиялық қызметі туралы» Заңға өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұ­мысқа қабылдады.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар