• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Күрес 13 Сәуір, 2017

Әйгілі балуандар әдіске баулыды

367 рет
көрсетілді

Таяуда Алматыдағы «Халық Арена» спорт сарайында жүзге жуық балғын балуан Сеул Олимпиадасының чемпионы Каман­дар Маджидов пен күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыха­новтың ше­берлік сыныбына қатысты.

Бір қызығы, шеберлік дәрісі сипатында өткен кездесуге ұлдар ғана емес, күреспен айналы­сатын қыздар да келіпті. Жеткін­шек­тердің барлығы дерлік Алма­ты­дағы №15 балалар мен жас­өс­пірімдер спорт мектебінде грек-рим күресімен тегін айналы­сады. 

Бұл кездесудің бастамашы­сы да әйгілі балуандардың өз­дері екен. Шеберлік сыныбы­на мұрындық болып жүрген Дәу­лет Тұрлыхановтың ойын­ша, болашақ Олимпиада жүлде­гер­лері осы кездесудің ортасында оты­руы мүм­кін.

Сонымен, жас спортшы­лар әйгілі балуан­дардың әрбір қи­мылын қалт жібермей қада­ғалап, қызыға бақылады. Кәсіпқой спортшылар күрес өне­рінің қыр-сырын үйретіп қана қоймай, бо­лашақ чемпиондардың қате әдіс­терін түзеп, оларды епті­лікке баулыды.

– Атақты балуандар жүргізген шеберлік сыныбы бәрімізге ұна­ды. Олар бізге грек-рим күресінің түрлі әдіс-тәсілдерін үйретті. Мен бұл спорт секция­сына келіп жүр­­геніме төрт-ақ күн болды. Со­ның өзінде аздап болса да шы­нығып қалдым, – дейді тоғыз жастағы Ернат Сабырбеков.

Балуандармен өткен кездесуден кейін балалар­дың бар­лығының да әсері осындай.

Бұл балаларға қарағанда, бес жыл­дан бері күреспен айна­лы­сып келе жатқан Марина Зак­шев­ская кәдімгідей кәсіпқой спорт­шы. Қазақ­станның төрт дүр­­­кін чемпионы, екі дүркін Азия жүлдегері және әлем чем­пионатының қо­ла жүл­десін же­ңіп алған. Соған қарамастан, Ма­­­­рина да күрестің өзі бұрын бай­­­қа­маған мүл­­де басқа әдіс­те­рін көр­генін айтады.

– Қазіргі күндері біз халық­аралық жарыстарға дайындалып жүрміз. Ал біздің сүйікті спорт­шымыз Дәулет Тұрлыханов өт­кізген шеберлік сағат­тары бізге мін­детті түрде көмектеседі, – дейді Марина.

Ең бастысы, «Халық Арена» мұнан былайғы жерде әр 10 күн сайын осындай шеберлік сынып­тарын ұйымдастырып, оған Олим­пиада чемпиондарын, әлем жә­не Еуропа чемпионаттарының жүлдегерлерін, халықаралық тур­нир­лердің жеңімпаздарын ша­қырып тұрмақ.

Кездесу соңына қарай танымал спортшылар балалармен сұх­баттасып, ақыл-кеңестерін айтып, Азия мен Универсиада тағылымы жайлы баяндады. Спорттың пайдасы туралы сөз қозғады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар