• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес 13 Сәуір, 2017

ЭКСПО көрмесінде 100-ден аса қазақстандық бренд таныстырылады

247 рет
көрсетілді

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің Festival Avenue жаңа сауда орталығына жүзден аса қазақстандық бренд шығарылатын болады.

Сондай-ақ қазақстандық өнім шетелге (шамамен 30 ел) экспортталмақ, онда қазақстандық  павильондар құрылады.

Бүгінгі күннің өзінде  Festival Avenue сауда орталығына 30 бренд шығарылған.

Павильонның бірінші қабатында қазақстандық өндірушілердің кәделік өнімдері сатылуда, екінші қабатта жеңіл өнеркәсіп  тауарлары бар. Үшінші қабатта дегустациялау залы  орналасқан, онда қазақстандық өнімдердің дәмін татып көруге де, сатып алуға да болады.  

Сондай-ақ, "Халық маркасы" федерациясының Астана қонақжайларында кәделік өнімдердің ассортиментін кеңейтіп,мейрамханалардың мәзіріне қазақ ұлттық тағамдарын қоспақ ойлары бар. 

Қазақстандық өнімдерді танытушы стендтер жуық арада еуропалық елдердің, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Түркияның Duty free желілеріне шығарылады.

бұдан бөлек, Қазақстандық өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстандық тауарлар мен қызметтер сапасына бақылау   "Халық маркасы" федерациясы» "Miss Expo Made in Kazakhstan-2017" сұлулық фестивалінің басталып отырғандығын жариялайды.

Фестивальдің мақсаты мен міндеті – жаңа, жарқын идеяларды табу, қазақстандық брендтерді ілгерлету және Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін жарналамау.

Байқауға Қазақстанның 84 қаласынан 14 пен 22  жас аралығындағы қыздар қатыса алады.

Өтініштер 2017 жылдың 15 сәуірі мен 05 маусымы аралығында қабылданады. 

Байқауға қатысушылар өз қаласы туралы 1 минут көлемінде бейнетаныстырылым әзірлеуі тиіс.

Сондай-ақ сол қалада шығарылатын үш тауар не қызмет жарнамаланады (кадрда қыз баланың қатысуымен үш сурет болуы керек).

Байқау жеңімпазы сайтқа кірушілер арасында жүргізілетін ашық түрде   интернет-дауыс беру арқылы айқындалады.

Соңғы жаңалықтар