• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 13 Сәуір, 2017

Жеңіс Қасымбек «Астана-Павлодар» автожолының құрылыс барысын тексерді

170 рет
көрсетілді

Инвестициялар және даму министрі мердігер ұйым өкілдерімен жедел кеңес өткізді.

үгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, салынып жатқан Астана-Павлодар автожол учаскесіндегі жұмыстың ұйымдастырылу деңгейін қадағалады.

Шараға «Қазавтожол» ҰК» АҚ мен оның Ақмола мен Павлодар облыстарындағы филиалдарының, «Ақмолажоллаборатория» және «Павлодаржоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылығы, сонымен бірге, Астана-Павлодар автожолы жобасының құрылысына тартылған барлық мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.

Ж.Қасымбек өз сөзінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл жобаның стратегиялық маңызын айрықша атап өтті. Сондай-ақ, министр құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде және жоғары сапада жүргізу керектігіне тоқталды.

Кездесу барысында мердігерлердің техникалық жабдықтары, жол құрылысы материалдарын дайындау сияқты тағы басқа да мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар