2017 жылғы наурызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5% болды, жылдық көрсетуде 7,7%-ға (ақпанда 7,8%-ға) дейін баяулады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.
Жылдық инфляцияның төмендеуіне азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша бағаның өсу қарқындарының баяулауы ықпал етті, оған теңгенің айырбастау бағамының нығаюы әсер етті. Жылдық инфляция негізінен азық-түлік бағаларының өсімінен туындады. Бұл ретте азық-түлік бағасының айлық өзгеруі айтарлықтай баяулады, бұл алдағы уақыттағы инфляцияға оң әсер етпек.
Ақылы қызметтерге бағаның өсу қарқындары қалыпты болып қалуда және жыл басынан бастап өткен жылдардың осындай кезеңдерімен салыстырғанда барынша төмен деңгейде.
Наурызда халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, азық-түлік өнімдері бағасының өсуі инфляцияның негізгі көзі болғаны анықталды.