Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей уақытта 30 м/с жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с болуы ықтимал.