• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Сәуір, 2017

Ойшылдық олжасы

143 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың бүкіл әлем көле­мінде сый-құрметке бөленуінің сыр-себептері баршылық. Солар­дың арасынан Елбасының ойшыл­дығын алдымен атап айтуға болады. Қазақстанның осы жыл­дар ішіндегі табыстары­ның бәрінің астарында елімізде қолға алынған істің қашанда терең­нен ойластырылатыны жатыр. Елдің бас газетінде жария­лан­ған «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты бағдарла­малық мақаланы да біз ойшыл­дық олжасы ретінде қарап отыр­­мыз.

Еңбекте Президент көп­теген кө­кейкесті мәселелерді қо­пара қоз­ғаған. Атап айтқанда, мықты әрі жауапкершілігі жоғары Бір­тұтас Ұлт болу үшін болашақ­қа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы  қалай өзгертетініміз туралы ойларымен бөліскен. 

Президент өз еңбегінде  таптаурын қағидалардан арылмасақ көш басындағы елдермен тере­зе­мізді теңеп, иық тірестіре алмай­тынымызды ескертеді. Нұрсұлтан Назарбаев үш нәрсе­нің – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын бола­шақтың үйлесіміне қол жеткізуге үндейді халықты. Ең алдымен, бәсекелік қабілетті күшейтуіміз керектігін айтады. Абай өзінің қара сөздерінде бұрынғы өт­кен бабаларымыздың өнеге тұта­тын қасиеттерінің арасында на­мыс­шылдығын бөле атаған еді. Бәсекеге қабілеттілік дегенді әбден оңайлатып түсіндіретін болсақ, өзгелер жасағанды біз неге жасай алмаймыз, өзгелер игергенді біз неге игере алмаймыз деген намысшылдықты бәрінен бұрын атағанымыз жөн. Қаны­мызға сіңген көптеген дағды­лар мен қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толық­қанды жаң­ғыруымыз мүмкін емес. Әр нәр­сені ұтымды пайда­ла­нуды Ел­басымыз мінез-құ­лықтың праг­матизмі деп атаған. Болашағыңды жоспар­лау, ысырапшылдық пен астам­шылыққа, даңғойлық пен кердең­дікке жол бермеу де осы заманғы прагматизмнің нақты көрінісі болуға тиіс дегенді айтады Елбасымыз. Жаңғырудың өзі жаһандық әлеммен қабыспайтын дағдылар мен әдеттерден арылуды білдіреді. Сонымен бір­ге, еңбекте жанталасқа толы мына заманда өзіміздің төл бітімі­мізді сақтай алудың қаншы­лықты маңыздылығы да айты­лады. Ұлттық салт-дәстүрлері­міздің, тіліміз бен музыкамыз­дың, әдебиетіміздің, жоралғылары­мыздың қадір-қасиеті аспандата көр­сетілген. «Ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» – Елбасымыздың бұл сөзі әр қазақ­тың, әр қазақстандықтың жүре­гінде жатталса дейміз.

Жаңғырудың жарқын жолын да осы еңбектен табамыз: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек». Ол қасиеттер тамырымызда бар. Тамырымызда бүлкілдеп жатқан сол қасиеттерді қайта түлетсек,  жеріміз де, еліміз де өзгереді. Ол үшін өзіміз өзгеруге тиіспіз. Ал осы оңай ма? Тіпті де оңай емес. Еңбекте Елбасы саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі дей келеді де: «Ен­ді осының бәрі­нен де ауқым­ды және іргелі жұмыс­тарды бастағалы отырмыз», деп қадап көрсетеді. Иә, келіспеске ама­лыңыз жоқ: саясатты өзгерту де қиын, экономиканы өзгерту де қиын, бірақ сананы өзгерту бәрінен де қиын. Бәрі де ойдан бас­та­лады. Ойлаудан басталады. Пре­зидент біздің баршамызды жаңа­ша ойлауға шақырып отыр. Жаңаша ойлаудың үлгісін өзі көрсетіп отыр.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты

Соңғы жаңалықтар