Отанымыз – ортақ, мақсатымыз – бір. Бәріміз Ұлы Даланың ұрпақтарымыз. Дегенмен, әркімге де туған топырағы, балалық, жастық шағы өткен жер ыстық. Бұл орайда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы атажұртын сүйетін әр азаматтың көңілін жылылыққа толтырады.
Біздер, еліміздің әр аймағынан сайланған сенаторлар сайлаушылармен кездесуде аймақтарға, сайлау учаскелеріне барғанымызда, Елбасының рухани жаңғыру туралы идеяларының патриоттық мәнін халық назарына жеткізетін боламыз. Сондай-ақ, оны іске асыру жайы жан-жақты талқыланады, елдің ұсыныс-тілектерінің қаперге алынуы да назарда болады.
Бірғаным ӘЙТІМОВА,
Парламент Сенатының депутаты