• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Сәуір, 2017

Заманауи дамудың шарты

236 рет
көрсетілді

Ел Президентінің «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қазақ­стандық қоғамның және Мәңгілік Елдің «рухани даму тұ­жы­рымдамасы» деп атауға да болады. Сол арқылы Қазақ­стан­ның мәдениеті жаһандық кеңістікке қанат қағады, ал білімі мен ғылымы инновациялар мен технология өрісіне өркен жаяды.

Елбасы қазақстандықтар алдында шын мәнінде шы­ғармашылық еркіндік пен өмірлік мүмкіндіктер ашып отыр. Бұл – заманауи дамудың шарты, алтын арқауы. Оны дер уақы­тында пайдалана алуға, іске асыра білуге тиіспіз.

Қазіргі заман қажырлы еңбекті, қайратты күресті талап етеді. Қазақстан көшбасшысы айтқанындай, біз ұлттық коды­мызды сақтап, болмысымызды жат идеологиялардан қорғауы­мыз керек. Және мемлекеттілікке төнген жаһандық сын-қатерлер саны артқан сайын «күрес кеңістігі» де кеңеюде: мемлекеттер анталаған экстремизммен, сепаратизммен, терроризммен күресуге мәжбүр.

Тынымсыз күрестен қажыған, әлеуетін түгескен елдер өз тарихының соңына таяйды, жолының тығырық, тұйығына тіреледі. Ал жасампаздық танытып, ұдайы жаңғыру жолынан таймаған мемлекеттер ғана кезекті тарихи белесіне көтеріледі.

Қазақстан рухани кемелденген мемлекетке айналса, өз дамуын «Болашақ прогресс қуатымен» толтыратын болады.

Бақытбек СМАҒҰЛ,

Парламент Мәжілісінің депутаты 

Соңғы жаңалықтар