• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы 14 Сәуір, 2017

Көрмені насихаттау көңілден шықпай отыр

223 рет
көрсетілді

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Бас­қар­ма төрағасы Ах­мет­­жан Есімов бар­л­ық облыс әкімдері орын­ба­сар­ларының қа­ты­су­ы­мен арнайы жи­ын өткізді.

Халықаралық көрменің ашылуына да  аз уақыт қалды. Қа­зіргі таңда дайындық жұ­мыс­­тары соңғы ширегіне жа­қын­­дап, құрылысты аяқтап қал­­дық. Басқарма төрағасы ке­­шегі жиында да атқарылған жұ­­мыстардың жайын баяндап, жұ­мыс жүйелі жүріп жат­қ­а­нын жеткізді. 

«Қатысуға өтініш білдірген 115 мемлекеттің қазір 90-ға жу­­ығы өз павильондарын жа­б-

­дықтауға кірісіп кетті. Ал қалғандары жуық арада жұ­­мысты қолға алады деген се­німдеміз. Сонымен қатар, біз­дің өз павильонымызда да қызу жұмыс жүріп жатыр. Оны жаңа өздеріңіз аралап шық­қан сәтте де көрдіңіздер», де­ді А.Есімов.

Басқарма төрағасының ай­туынша, екі айдан соң әлем жұ­ртшылығына есігін айқара аш­қалы отырған ерекше ша­ра­ның артықшылығын облыс әкімдерінің тиісті салаға жа­у­апты орынбасарларының на­зарына ұсынып, бірлесіп ат­қарар жұмыстарды тағы бір пы­сықтаудың маңызы зор. Се­бебі, аталған халықаралық көр­менің елге тигізер пайдасы, экономикалық табысы, жал­пы, біз үшін  берері жайында халыққа дұрыс ақпарат жет­кізу, дұрыс түсіндіруде облыс басшылығының орны бөлек. Осы орайда А.Есімов облыстар көрмеге билет са­ту­­мен ғана айналыспай, ша­ра­­ның шын мәнінде елге қа­жет­­тілігін нақты мысалдар­мен дә­лелдеп, жұрттың шы­на­йы қызығушылығын туды­ру керектігін ескертті. Бас­қар­ма төрағасы бұл үшін әкім орын­басарлары алды­мен өздері көз жеткізіп, то­лық мәніндегі ақпаратпен қам­тылып, атқа­ры­лып жат­қан жұмыстарды өз көз­де­рімен көрулері қажет деп шеш­се керек. Сол се­бепті, об­­лыс әкімдерінің орын­ба­са­р­ларының басын қосқан «Ас­та­на ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Бас­­­қарма төрағасы көрмеге дай­­ындық жұмыс­та­рын ег­жей-тегжейлі баяндап, қа­­ты­су­шылардың назарына слай­­д­­қа құ­рылған арнайы та­ныс­­ты­ры­­лымда ұсынды.

«Осының бәрін жергілікті ха­лыққа түсіндіріп айту керек. Мұн­дай мүмкіншілік ТМД мем­лекеттерінің тарихында біз­дің елде  бірінші рет болып отыр. Елбасының бұл жобасын біз халыққа жеткізуге тиіспіз. Халық көрмені тамашалауға өз еркімен  келетіндей жағдай жа­салады. Бұл көрмеге, әсіресе, жас­тардың құштарлығын ояту ма­ңызды. «Болашақтың энергиясы» тақырыбында әлемнің қандай жетістігі барын, не жасалып жатқанын көруі керек», деген А.Есімов елімізде өтетін ЭКСПО көрмесінің шын мә­нін­дегі маңыздылығы әлі де болса жергілікті халық­қа жет­кі­лік­ті деңгейде на­си­хат­та­лмай отырғанын да атап өтті.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар