• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 14 Сәуір, 2017

Үнемшілдерді ынталандырған абзал

147 рет
көрсетілді

Сенаттың 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары осыдан шамалы уақыт бұрын Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Арнасай ауылында орналасқан «Вячеслав» шағын жинақты орта мектебінің және «Арнасай» жасыл технологиялар орталығының жұмысымен танысқан болатын.

Депутаттар 131 оқушыға есеп­телген шағын жинақты мек­тепке барған кезде оның қыз­метін көрді. Басшылық осы оқу орнында бюджет қа­­ражатын айтарлықтай үне­м­деп қана қоймай, соны­мен бір­­ге, оқушылардың эко­ло­гия­лық жобаларды жүзеге асы­руына тәжірибе жасап, «жа­сыл» технологияларды енгізуге талап қылған іс­те­рін көрсетті. Сонымен қа­тар, біз «Арнасай» жасыл технологиялар орта­лы­­ғының жұмысымен та­ныс­тық. Бұл жерде мем­ле­кеттік органдардың, «G-global»­ Халықаралық хат­шылығының, БҰҰ-ның Қазақстандағы Да­му бағ­дар­ламасы мен бас­қа­ла­ры­ның қолдауымен «Жасыл эко­номикаға» өту бойынша тұжырымдаманы іске асы­ру­ға байланысты 35 жоба жү­зеге асырылуда екен.

Орталықтың ел тұр­ғын­да­рының әр түрлі санатта­рын, шағын және орта биз­нес субъектілерін, соны­мен қатар, жергілікті ат­қ­а­­рушы органдарды «жасыл» технологияларды тә­жірибеде қолдану жө­нін­де қалай оқытатынын кө­зі­мі­з­бен көрдік. Сонымен қо­са, аталған объектілерге ба­ру кезінде анықталған тө­мендегідей жеке мә­селелерге тоқталу қажет деп есептейміз.

«Вячеслав» орта мектебі 1967 жылы салынғанына жә­не елордадан 35 кило­метр қашықтықта орна­лас­қа­нына қарамастан, мұ­ға­лім­дердің өз ісіне бе­ріл­ген­дігі мен ынтасының ар­қа­сында оның жағдайы қа­на­ғаттанарлық. Сонымен бір­ге, мектепте заманау­и ком­­­пьютерлердің және оқы­ту­­дың басқа да техникалық құ­ралдарының, жедел ин­тер­неттің, интерактивті та­қ-

таның жетіспеушілігі се­зіледі, бұл өз кезегінде, оқу­шы­лар мен мұғалімдерге бі­лім мен дағдыларын тол­ықтай дамытып, жаңа үлгі­лер­ді меңгеруге қолбайлау бо­лып отырғаны анық аң­ға­рылады. Жедел интер­нет пен заманауи ком­пью­тер­лердің жоқтығы Қазақ­стан Республикасының Пре­зиденті Н.Назарбаев жа­рия­лаған «Цифрлық Қазақ­стан» бағдарламасының сәт­ті іске асырылуына да кү­мән келтіртсе керек. 

Бастауыш сыныптардың мұ­ғалімдеріне қатысты проб­лема да өзекті болып отыр, олар 18 сағат мөлшерлемесі бар бола тұра, тек 14 сағат қа­на сабақ бере алады, ал бұл ең­бек­ақысын толық көлемде алуларына мүмкіндік бер­мей­­ді. Мұғалімдердің сы­нып­­тан тыс жұмысы үшін еңбекақысына бұрын қолданылған үстеме ақының күшін жою салдарынан олар бұл жұмысты ақысыз не­гізде ат­қарады. Сынып же­тек­ші­лігі үшін үстеме ақы­ның жағ­дайы да осы ісп­ет­тес, оның мөлшері ша­ғын жи­нақ­ты мектепте (саны 15 оқу­шыдан кем сыныптар) 2 мың теңгені ғана құрайды.

Мектепте бюджет қара­жа­ты тартылмай-ақ энергия және су үнемдеуші тех­нологиялар енгізілген, со­ның арқасында жылдық үнем­деудің мөлшері орташа есеп­пен алғанда 3 миллион тең­гені құрайды. Алайда, қол­даныстағы заңнама бюд­же­ттік қаражатқа мұндай қа­тынасты ынталандырмайды, керісінше, кейде бюджетті толық игермеу деп санайды.

Бұған БҰҰ-ның Қазақстан Республика­сы­н­­дағы Даму бағдар­ла­­масының өкілі де назар аудар­ды, ол энергия үнем­деу­ші технологиялар ор­на­тыл­ған елордалық мек­­теп­тердің бірін мысал ре­тінде келтіріп, бюджет қа­ра­жатын игермегеніне айып тартпас үшін мектеп қыз­меткерлері түнгі уа­қыт­та кабинеттеріндегі жа­­рық­ты қосып кетуге мәж­бүр бол­ған­ын жеткізді. Осы­лай­­ша, Бюджет кодексі мен бас­­қа да заңдарға энергия, жы­­лу және су үнемдеуші тех­но­ло­гияларды ендіруді ын­та­ландыратын нормаларды енгізу қажеттігі туындап отыр. 

Енді Үкімет жоғарыда ай­тылған мәселелерді қарап, қолд­аныстағы заңнамаға өз­герістер енгізуді пысықтау бой­­ынша уәкілетті мем­ле­кеттік органдарға тапсыр­ма бер­се, маңызды бір ша­руа­ның оң шешілуіне ық­пал­дасар еді.

Ақан БИЖАНОВ, 

Сенат депутаты

Соңғы жаңалықтар