• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 14 Сәуір, 2017

Роналду еурокубокта 100-ші голын соқты

190 рет
көрсетілді

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы ойындары өтті. «Ювентус» пен «Атлетико» өз алаңында жеңіске жетсе, «Реал» мен «Монако» Германия командаларының осал тұстарын тапты.

1/8 финалда ПСЖ-дан сырт алаңда 0:4 есебімен ұтылып, кейіннен қарымта ойында камбэк жасаған «Барселона» бұл жолы Туринде тосылып қалды.

Осының алдында «Малага» қақпасына гол соға алмаған Неймар-Суарес-Месси үштігі Апеннин түбегінде тағы да білген­дерінен жаңылды. Ал Аллегри шәкірттері Каталония командасын аяған жоқ.

Аргентинадан әлемді аузы­на қаратқан талантты ойын­шылар көп шыққаны бел­гілі. Өткен ғасырдың 80-90-шы жылдары Марадонаның дәурені жүрсе, кейінгі жыл­дары Месси бес мәрте «Алтын доптың» ие­гері атанды. Енді, мі­не, «Ювентуста» та­ғы бір талантты футболшы өсіп келеді. Оның есімі – Пау­ло Дибала. Фут­болшы жан­күйерлер мен футбол мамандарынан өзін Мессимен салыстырмауды сұрады. Мұ­нысы да дұрыс шы­ғар. Қалай дегенмен әркімнің өз жолы болу керек қой.

Дибаладан бө­­­лек, бір голды қорғаушы Джорд­жо Кьел­­ли­­­­ни соқты. «Бар­­­­селона» бап­­­­ке­рі Луис Эн­ри­ке қарымта ойында барлық күшті салып, жартылай финалға шығуға тырысамыз деп отыр. Оған «Ювентус» жол бере қояр ма екен?

Ал Германияның үкілеп қосқан екі командасы да өз алаңында жеңілді. «Боруссия Дортмунд» пен «Монако» ойы­ны жоспарланған уақыттан бір күн кеш өтті. Себебі, Дорт­мундта футболшылар мінген автобуста жарылыс болды. «Боруссия» командасының ор­та­лық қорғаушысы Марк Бар­тра ауыр жарақат алды. Оған шұғыл операция жасалды. Сөйтіп, УЕФА матчты бір күн­ге шегерді.

Кездесуге келетін болсақ, «Монаконың» жас талантты ойыншылары неміс коман­дасының қақпасына үш гол соқты. Матчтың 17-минутында «Боруссия» қорғаушысы Сок­ратис жас жұлдыз Килиан Мбаппені өз айып алаңында тәртіп бұзу арқылы тоқтатқан еді. Төреші бірден пенальти бел­гіледі. Бірақ Фабиньо бұл мүм­кіндікті пайдалана алмады. Дегенмен, «Монако» ойыншы­лары шабуыл­ды мұнымен тоқтатқан жоқ. Арада екі минут өткенде, Мбаппе бәрібір есепті ашты. Үзіліске дейін Свен Бендер өз қақпасына екін­ші голды соғып алды.

Екінші таймда Дембеле қақпашы Даниел Субашичтің осал тұсын тауып, тартысты қыздыра түскен еді. Дегенмен, Мбаппе 79-минутта есепті 3:1-ге жеткізді. Ойынның соңғы жағында «Боруссияның» жапо­ниялық легионері Синдзи Ка­гава есеп айырмашылығын бір доп­қа қысқарта алды. Бірақ, одан әріге шамалары жетпеді. Осы­лайша, «Монако» жартылай финалға бір қадам жасады.

Ал Мюнхеннің «Бавария» командасы өзінде тұрған ба­сым­дықты пайдалана алмады. «Альянц-Аренада» Мад­ридтің «Реалын» қабылдаған немістер 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Алғашқы голды 25-минутта Артуро Видаль соққан еді. Чи­лилік футболшы үзіліске шы­­ғатын тұста пенальтиден мүлт кетті.

Екінші таймда Мадрид фут­болшыларының ойыны құл­пырып шыға келді. Әуелі португалиялық супержұлдыз Криш­тиану Роналду таразы басын теңестірді. Сонан соң, «Бавария» қорғаушысы Хави Мартинес матчтағы екін­ші са­ры қағазын алып, алаң­нан қуыл­ған болатын. Бұл мүм­кіндікті қонақтар тиімді пайдаланды. Ойынның 77-минутында Асенсиодан пас алған Ро­налду матчтағы жеңіс голын соқты. Осылайша, Криштиану еурокубоктарда 100 гол соққан алғашқы футболшы атанды.

– «Баварияға» қарсы ойнау оңай емес. Біз 0:1 есебімен жеңіліп жаттық. Бірақ, дер кезінде қателіктен қорытынды шығарып, жинала білдік. Екін­ші таймның басында есепті теңестіргеніміз қандай жақсы болды. Жеңіске жеттік. Алай­да әлі алда бір ойын бар. Сон­дықтан, қорытынды шыға­руға әлі ерте. Негізі бұл матчта та­ғы да бірнеше гол соғуға болар еді. Оған қақпашы Нойер мүм­кіндік бермеді. Егер Ви­даль пенальтиді енгізгенде, қарсыласқа оңай болар еді. Әрине, бұл – футбол. Бәрі де болуы мүмкін. Кейіннен біз соқ­тық, олар 10 адаммен қал­ды, – дейді Криштиану Роналду.

«Атлетико» мен «Лестер» кездесуінде топырлаған гол­дарды көре қоймадық. Мад­рид командасы Антуан Гриз­манның пенальтиден соққан бір добының арқасында же­ңіске жетті. Чемпиондар лигасында қалған Англияның жал­­ғыз командасының жарты­лай финалға шығуға әлі де мүм­кіндігі бар. Ол үшін қа­рым­та ойында екі доп айыр­ма­шы­лығымен жеңіске жетуі керек.  

Бек ТӨЛЕУОВ,

журналист

АСТАНА

Соңғы жаңалықтар