2016 жылы ЖОО мен ТКО (техникалық және кәсіптік оқыту) мекемелерінің түлектер саны 100,2 адамды құраса, соның ішінде 87,7%-ы бірден жұмысқа тұрып кеткен.
ЖОО бітіргендердің 83%-ы, яғни 29,5 мыңы бір жылда жұмыс тапты, ал алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 78,2% болған-ды.
Техникалық және кәсіптік оқыту мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 2015 жылғы 82% көрсеткіштен 2016 жылы 90%-ға дейін күрт көтерілді. Білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жоспары бойынша, 2017 жылдың соңына дейін аталған көрсеткіш ЖОО үшін 85%, ТКО мекемелері үшін 92%-ға артуы тиіс.
Қазақстанда қазіргі таңда жұмыс берушілерді маман дайындау жұмыстарына етене араластыру мақсатында дуалды оқыту енгізілуде. Бүгінде елдегі 2433 кәсіпорын 421 колледжбен бірлесіп үдемелі индустриялды инновациялық даму (ҮИИД) мемлекеттік бағдарламасы аясында 27,3 мың студентті оқытуда. Айта кетейік, 2014 жыл шараға 280 колледж қатысса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 348 болған.
Жоғары білім беру саласындағы басты жаңалық – ректорды сайлау бастамасы. 2016 жылы ЖОО бақылау кеңесінің қатысушылары алғаш рет мемлекеттік 5 ЖОО ректорларын сайлады. Қазіргі таңда 37 ЖОО-ға Назарбаев университетінің корпоративті басқару жүйесі енгізілуде. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік 31 колледж «Кәсіпқор» холдингінің тәжірибесін қабылдауда. Сонымен қатар, тағы 16 ЖОО коммерциялау кеңселері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құрды. ҮИИД бағдарламасы шеңберінде ЖОО-ларға 24 жаңа білім беру бағдарламалары, ТКО мекемелеріне 45 жаңа бағдарлама енгізілді.
2016 жылы ҮИИД бағдарламаларының базалық 11 ЖОО-да инновациялық және ғылыми қызмет табысы 594,1 млн теңгеге жетіп, жалпы кірістің 9 пайызын құрады. Табыс көлемі бойынша бірінші орында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (421,5 млн теңге).
Жоғары білім жүйесінде 2016 жылы QS WUR рейтингіне қазақстандық 8 ЖОО кірді. Соның ішінде «Үздік 300»-де 236 орындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен «Үздік 400»-де 345 орындағы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бар.