• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2017

Қостанайда педагогика институты түлектерінің көрмесі ашылды

180 рет
көрсетілді

​Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Көркемөнер кафедрасы студенттерінің «Шабыт» атты көрмесі ашылды. Болашақ қылқалам шеберлері шығармаларына туған ауылдарын, туған жердің көркем табиғатын өзек етіп алған.

Көрмедегі шығармалардың авторлары – Қостанай мемлекеттік педагогика институтының өткен жылғы түлектері Елена Полковникова, Анастасия Мерзляк, Ксения Федяй және Анастасия Ягудина. Олар көрмеге өздерінің қырық шақты жұмысын ұсыныпты. 

«Менің алдымнан түрлі студенттер өтеді. Олардың арасында осы өнерді жанымен түсінетін талантты оқушылар да болды. Ал көпшілігі сурет өнерінің әліппесін институт қабырғасында бастайды. Менің студенттерімнің көпшілігі қазір білім беру саласында қызмет етеді, өзіме әріптес болған. Қазір де олардың ізін жалғастырып келе жатқан суретші студенттерім бар, мені осындай байланыстың үзілмегені қуантады», – деді Көркемөнер кафедрасының оқытушысы, суретші Әнуар Сәпиев.

Ол кешегі шәкіртінің бірі Анастасия Ягудинадан көп үміт күтеді.

«Қазір майлы бояумен салатын кескіндемеге көп көңіл бөлудемін. Мұнымен қоса графикалық кескіндемемен, компьютермен сурет салумен де айналысамын. Заман талабына сай жаңалықтарды да қабылдау керек. Болашақта өзімнің өнер студиямды ашқым келеді», – дейді Анастасия.

Жас суретшілердің көрмесі шынайылығымен жұртты баурап алды.

Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар