• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Сәуір, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

133 рет
көрсетілді

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Оңтүстікте найзағай ойнап, тек солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, күндіз солтүстіктің басым бөлігінде, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында түнде кей жерлерінде жел 15-20, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 15-22 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылордада, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Павлодар,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел тұрады деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар