• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Сәуір, 2017

Қарағандыда су тасқыны болуы мүмкін

236 рет
көрсетілді

​Қарағанды облысында өзендер таси бастады, өңір су тасқынының ең қауіпті кезі үшін алаңдаулы, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Тасқын аймағына келген облыс әкімінің орынбасары Андрей Ляпунов өңір басшысы Ерлан Қошановқа жағдай күрделі екенін жеткізді.  

«Бұған күннің күрт жылынуы себеп болуда. Судың толассыз ағыны сақталуда. Негізгі өзендер - Нұра мен Шерубай-Нұра. Су тасқынының ең қауіпті кезі бүгін мен ертең. Сосын екі күнде өзеннің жоғарғы жағында су деңгейі төмендейді деп күтілуде. Келесі аптада көшірілген адамдар өз үйлеріне қайтады деп ойлаймын», - деді Андрей Ляпунов.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов су басуы мүмкін неғұрлым қауіпті орындарға барып, Самарқанд су қоймасын тексерді, су басуы мүмкін Қарағанды-Павлодар тас жолына барды. Су өткізу құрылғыларының жағдайын бақылады. Барлық жылжымалы командалық штабтағы жедел қызметті Мұстафин кентіне жинап, әкім қоймадан су ағызуды тәулік бойы реттеуді тапсырды.  

«Теріс салдарға алып келмес үшін шаралар қабылдау қажет. Барлық эвакуацияланған адамдарға жайлы жағдай жасауды тапсырамын», - деді әкім. 

Жедел қызмет ұйымдасып жұмыс атқаруда. Оларға ІІМ Ұлттық Гвардия сарбаздары қосылды.

Соңғы жаңалықтар