• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 15 Сәуір, 2017

Жас балуандарымыз Әзербайжаннан олжалы оралды

291 рет
көрсетілді

​Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы «Әзербайжан күрес федерациясының кубогы» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

60 келі салмақта Ернар Фидахметов финалға дейін жетіп, екінші орын алды. Бұл салмақтағы қос қола медальды Ернұр Фидахметов пен Асылбек Қосаманов жеңіп алды. 

66 келі салмақта Қаһарман Қисметов финалда жергілікті балуанға есе жіберді. 74 келіде Илимор Сатоев та финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Одан бөлек Алпамыс Дастанбек (50 кг), Олжас Сырлыбай (96 кг) және Антон Савенко (120 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. 

Осылайша отандастарымыз жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Биылғы додаға Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Латвия, Ресей, Түркия, Иран, Грузия, Қазақстан, Беларусь және Әзербайжан балуандары қатысты.

Соңғы жаңалықтар