• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Сәуір, 2017

Димаш «I'm a Singer» байқауында екінші орын алды (ВИДЕО)

380 рет
көрсетілді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «I'm a Singer» ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетіп, екінші орынды жеңіп алды.

Шешуші бәсекеде Димаш Шаң Венжемен бірге Майкл Джексонның «The Way You Make Me Feel», «Erth song» және «Billie Jean» әндерін шырқады. Сондай-ақ, көрермендер Димаштың барабан аспабындағы өнеріне тәнті болды.  

Ақтық бәсекеде тоғыз жұп өнер көрсетті. Ду Лиша (Teresa Carpio) және Пэн Джияхуэй жартылай финалда соңғы орында болғандығы себепті бір жұп болып өнер көрсетіп, қалған сегіз жұппен бәсекеге түспейтін болды. 

Айта кетейік, «Singer 2017» реалити-шоуы Корея Республикасы MBC телеарнасы «I am singer» әншілер жарысы реалити-шоуының қытайлық нұсқасы. Ән байқауы Қытайдың Хунань телеарнасынан 2013 жылдан бастап эфирде көрсетіле бастады. Жобаға Қытай эстрадасының жарық жұлдыздары, сондай-ақ Корея, Макао, Гонконг, Сингапурдан Қытайға аты мәлім әншілер шақырылатындықтан, тележоба елде ерекше танымал. 

«I am singer» теле-шоуының бесінші маусымы 2017 жылы Қытай үкіметінің Корей ойын-сауық мәдениетіне шектеу қоюының салдарынан «Singer 2017» болып өзгертіліп, мазмұны және байқау шарттары жаңартылды. 

Димаш байқаудағы ең алғашқы Қытай мәдениетіне жақын емес ұлт өкілі. Әйтсе де, Димаштың ерекше таланты бұл жоба арқылы күллі әлемге танылды. Отандасымыз байқаудың он кезеңнен тұратын іріктеу бәсекесінде үш рет бірінші орын алды.

Соңғы жаңалықтар