• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Сәуір, 2017

Астанада әскери парадқа дайындық өтуде

165 рет
көрсетілді

​Астанада 7 мамыр күні әскери парадқа қатысатын парадтық есептоптар мен әскери техниканың жаттығуы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери парад Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған. Әскерилер күн сайын дайындықтарын пысықтап жатыр. 

Парадқа қатысушылардың жаттығулары күн сайын өткізіледі. Еліміздің әртүрлі өңірінен келген әскери қызметшілер палаткалы қалашықта тұрып жатыр. Әскери техника ұрыс машиналарының арнайы далалық паркінде орналастырылған. Далалық лагерьде жеке құрамға арналған барлық қажетті жағдай жасалған. 

Атап айтқанда, тұруға арналған палаткалар, медициналық пункттер, тамақтану пункттері және далалық монша. Далалық қалашықтың аумағында бос уақытты ұйымдастыру үшін жылжымалы ақпараттық кешен өрістетілді. 

Соңғы жаңалықтар