• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2017

Санамыз ісімізден озып жүрсін

281 рет
көрсетілді

​Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» атты мақаласы саяси реформа мен экономикалық жаңғыру үде­ріс­те­рінің басталғанын айшықтап берді.

Президент мақаланың кіріспе сөзінде былай дейді: «Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-мін­деттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен кө­з­де­ген жұмыстарымыздың бәрі дер уа­қытында және барынша тиімді жү­зеге асарына сенімдімін. Бірақ, ой­ла­ғанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біз­дің санамыз ісімізден озып жүруі, яғ­ни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады». Бұл сөздер – саяси реформа мен эко­но­­микалық жаңғыру еліміз үшін қан­­шалықты маңызды екендігін көр­сететін жол.

Болашаққа бағдар ретінде Қазақ қыздар мем­ле­кет­тік педа­го­гикалық университетінің студент жас­та­р­ы Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қой­ған мақ­саттарына кіріктіре оты­рып, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының интеллектуалдық дәрежесінің жо­ғар­ылауына үле­сін қосады деген се­­німдемін. Жастардың, әсіресе сту­дент жастардың интеллектуалды көр­сеткіштері олардың тек білім дең­гейімен ғана өлшенбейді, сонымен қа­тар, олар­дың рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Ру­хани жаң­ғыру әрбір жеке тұлға үшін оның тәрбиесі, ұлт­тық сана-сезімі,  ұлт­тық рухани тамырынан нәр алған құ­н­­д­ылықтары мен оның жаһандық өз­герістерді дұрыс бойына сіңіруі.

Мен университетіміздің студент жастарының бәсекеге қабілетті ма­ман болатындығына кәміл сенім­ді­мін. Бәсекеге қабілетті деп қа­зір­­гі қазақ  қоғамында мәдени құн­ды­­лық­тарды бойына сіңірген, үш тіл­ді жетік білуге ұмтылған және жа­­ңа әдіс­тер мен технологияға то­ле­ра­нт­тылықты сақтай алатын тұл­ға­лар­ды айта аламыз. Осындай жек­е қа­си­ет­тер мен құндылықтар бой­ынан  сту­дент жас­тар еліміздің бәсекеге қа­бі­лет­ті­лік деңгейін көтеруі тиіс.

Қазақстан Республикасының бо­ла­­шақ бағдары оң болуы үшін Ел­­басымыз «прагматизм»  сөзіне кө­ңіл бөлуді ұсынады. Мақалада Елбасы: «Прагматизм – өзіңнің ұлт­тық және жеке байлығыңды нақ­ты білу, оны үнемді пайдаланып, со­ған сәйкес болашағыңды жоспар­лай алу, ысырапшылдық пен ас­там­­шылыққа, даңғойлық пен кер­дең­­дікке жол бермеу деген сөз» деп түсіндіреді. Елбасының осы сөз­­де­р­ін толық қолдай отырып, мен ру­­хани мәдениетінің дамуы үшін, елі­міз­дің экономикасының өсуі үшін қа­зір­гі ке­зде адам құндылықтарының ке­мел­денуі мен өзінің кәсіби қызметін жо­ғары деңгейде жүзеге асыруы, соны­мен бірге,  жеке тұлғаның ұлттық бай­лықты ескере отырып, өздігінен ке­мелденіп дамуы  әсер етуші ең ма­ңыз­ды фактор деп білемін.

Қазақстан жастарына тілегім, Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың Отанымыздың әлем­дегі ең дамыған 30 елдің қа­та­рына қосылуына бағыт беретін сөз­д­е­ріне құлақ асып, осы мақсатқа жұмыла қызмет етейік.

Динар НӨКЕТАЕВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, 

Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі

Соңғы жаңалықтар