• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2017

Баянды болашаққа жетелейтін шешім

160 рет
көрсетілді

Еліміз үшін рухани жаңғыру кезеңінің басталуы болашағына бей-жай қарай алмайтын кім-кімді де елең еткізгені анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өтілгендей, саяси, экономикалық жаңғырулардың өзегіне айналғалы отырған рухани жаңғыру бағыты расымен де, қоғам дамуында айрықша серпін тудырды. Осы орайда, Алматыдағы бірқатар іргелі оқу орындарында Елбасы мақаласында белгіленген міндеттерді талқылау мақсатында дөңгелек үстелдер өткен еді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ел­ба­сының мақаласын қолдау және тал­қылау мақсатында «Рухани жаң­ғыру – Қазақстан дамуының негізі» атты дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстелге универ­си­тет рек­торы, педагогика ғы­­лым­­дарының докторы, академик Се­рік Пі­р­әлиев бастаған осы оқу ор­н­ы­­­ның басшылығы, құрылымдық бө­­лім­шелер басшылары, пр­офе­с­сор-оқытушылар құрамы, сту­дент­тер, магистранттар және док­то­рант­тар қатысты.

Шараны университет басшысы Серік Жайлауұлы ашып, Елбасы мақаласында көзделген басым бағыттарды қысқаша түсіндіріп өтті. Ректор өз сөзінде аталмыш бағ­­­дар­ламалық құжаттың өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, Қа­зақ­­станның жеткен жетістіктерін есе­­лей түсу мен алға қойған игі мақ­сат­тарымызға қол жеткізудің кілті болып табылатынын баса айтты.

Бағдарламалық құжатта алдыға қойылған міндеттерді саралап, пікір білдірген Тәрбие ісі жөніндегі проректор, саяси ғылымдардың кан­ди­даты, профессор Жанатбек Іш­пекбаев Елбасы тарапынан қо­йыл­ған міндеттер елімізді техно­ло­гиялық дамудың жаңа дең­гейі­не шығаратынын айта келе, онда көзделген игі бастамаларды кезең-кезеңге бөліп, ел дамуы мен өркендеуі үшін біртұтастықты сезініп, тарихи мұраларымызды, Қазақстан Тәуелсіздігінің беріктігін сақтауға бағыттайтын бірден-бір жол екенін атап көрсетті.

Дөңгелек үстелде сөз алған филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы Н.Ә. Назарбаевтың «2025 жылдан бас­тап латын әліпбиіне көшуге кірі­суіміз керек» деген ойын құп­тап, еліміз латын графикасына көшсе туыстас түркі тілдес ұлттардың тілін меңгеру оңай болатынын айтты. Сондай-ақ, «100 жаңа есім» және «Әлемнің үлгілі 100 оқулығы» жобаларын Қазақстан білімі мен мәдениетін дамытудың бірден-бір жолы деп түсіндірді.

Мира БАЙБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар