Онда былай делінеді: «Қазақстан үстіміздегі жылдың 15 сәуірінде Сирияның Алеппо қаласына жақын маңда жасалған террорлық актіні шешімді түрде айыптайды. Аталған қылмыстық әрекет салдарынан жүзден астам адам қаза тапты. Олар үкімет пен қарулы оппозиция арасындағы тиісті уағдаластыққа сәйкес, Әл-Фуа және Кефрай аудандарынан әкетіліп бара жатқан бейбіт адамдар болатын».
Мәлімдемеде кінәсіз адамдардың, бірінші кезекте, балалардың өлтірілуі ерекше ашу-ыза туғызатыны, бұл лаңкестерге адам баласына жат қатыгездік тән екенін айғақтайтыны атап көрсетіледі.
«Сирия халқына, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына шын ниеттен көңіл айтамыз және терракт кезінде зардап шеккендердің тез сауығып кетулерін тілейміз», делінген мәлімдемеде.
Соңында Қазақстанның терроризмнің кез келген түріне қарсы күресте өзінің қолдау көрсетуге дайын екенін кезекті мәрте қуаттай келіп, халықаралық күш-жігерді жаһандық контртеррористік коалиция (желі) құру арқылы да осы қатерге қарсы бағыттауға шақыратыны көлденең тартылады.