• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Сәуір, 2017

Шүменов-Дортикос жекпе-жегі өтпейтін болды

163 рет
көрсетілді

​WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды kazsporttv.kz

WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің WBA нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жегі қазақстандық былғары қолғап шеберінің жарақатына байланысты өткізілмейтін болды. Бұл туралы Бейбіт Шүменовтің менеджері хабарлаған.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек осымен екінші рет тоқтатытылып отыр. Ең алғаш қос боксшы арасындағы кездесу биыл 11 ақпанда өту керек болатын. Алайда, Caribe Promotions компаниясы жекпе-жекті ұйымдастыру құқығынан айырылып, ұйымдастыра алмай қалған. Сонан соң, бұл жекпе-жекті өткізу құқығын Том Браунның TGB Promotions иеленіп, бірінші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулына арналған жекпе-жек 30 сәуірге жоспарланған болатын.

Айта кетейік, Шүменов-Дортикос жекпе-жегінің жеңімпазы WBA нұсқасы бойынша «Суперчемпион» ресейлік Денис Лебедевтің міндетті қарсыласы атанар еді.

Соңғы жаңалықтар