• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Сәуір, 2017

Қарағандылық тұрғын екі құлыны бар биесін көрсетті (видео)

370 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Киікті ауылында таңғаларлық оқиға болды.

Рүстем Қанатұлы есімді тұрғынның қыс бойы далада тебіндеп шыққан биесі үйге бірінен бірі аумайтын екі құлын ертіп келген. 

Қазіргі уақытта мал иесі дал болып отыр. Біріншіден, биесінің егіз туғанына нанар-нанбасын білмейді. Екіншіден, көрші үйірлердің бірінде екі-үш құлын үшті-күйлі жоғалып кеткен екен. Мал иесінің солардың бірі емес пе деген күдігі де бар.

Бір қызығы, бие екі құлынды да өз төліндей көріп, тел емізеді.

Қ. Абдолла

 

Соңғы жаңалықтар