Жаңа технологиялық әдістің пайдасы мол екенін айтқан шаруалар бұл техника бір мезетте үш қызметті атқаратынын айтады. Мәселен, техника шит тұқымын шахмат әдісімен топыраққа біркелкі тастап, сонымен бірге тамшылатып суару жүйесін қоса көміп, оның үстінен пленка жауып та үлгереді. Осылайша, дәлдікпен егілген шит тұқымы тез өсіп жетілсе, тамшылатып суарудың нәтижесінде қоза көсегі түгелдей дерлік ашылып, өнім көрсеткіші екі есе артады.
«Иіржар-агро» серіктестігінің атқарушы директоры Бақыт Қамбаровтың айтуынша, биылғы жылы мақтаның элиталық «2747» және қытай сорты егілген. Бір гектарға 270-280 мың теңге көлемінде шығын жұмсайтын шаруашылық берекелі күзде бұл шығынның еселеп қайтарына сенімдері мол.
Былтыр 240 гектарға шитті мақта егіп, әр гектарынан 51 центнер өнім алған серіктестік мақта алқабының көлемін 300 центнерге жеткізуді көздеп отыр.
Бақтияр Тайжан,
"Егемен Қазақстан"
Оңтүстік Қазақстан облысы
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».