• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2017

Бастама қолдау тапты

134 рет
көрсетілді

Қызылжар өңірінде су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық жасау шаралары кең өріс алып келеді. Кәсіпкерлер қаржылық көмек ұсынса, бюджет қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударуда. Жекелеген ұйымдар қимылы да ширақ.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов БАҚ өкілдерімен кездескенде, қызыл су шайып кеткен аймақ­тарға барып, зардаптарды жоюға, елді мекендерді абаттандыру­ға бір кі­сі­д­ей қатысуға, жаппай сен­­бі­­­лік­тер ұйымдастыруға ша­­қыр­­ған болатын. Бағалы бас­та­­ма­­ға үн қос­қан «Нұр Отан» пар­­тиясының мү­шелері, жас­тар, үкі­меттік емес ұйым­дар­дың өкіл­дері Ғ.Мүсірепов ауданын­­да­­ғы Ру­заев­ка ауылында сенбілік ұйым­­дастырды. Мәсли­хат депу­тат­тары тұрмыстық тех­ни­ка­лар­­мен, азық-түлікпен, құры­лыс ма­­те­­риал­дарымен, кеңсе тауар­­­ларымен жәрдемдесті. Олар­­­ға тұр­­ғындар да қосылып, қа­йы­­­рым­­ды­лық акциясына белсене қатысты.

Құмар Іргебайұлы табиғи апат­ты бастан өткерген үйлерде болып, жағдайларымен танысты. Арнайы құрылған комиссия өз жұмысын аяқтап, шығындарды есептеп шығарды. «Өткен жолы уәде еткендей барлық қажетті шараларды жасайтын боламыз», деді ол. Гуманитарлық көмектер басқа өңірлерден де келіп жатқа­нын жеткізді.

Осында жарты ғасырға жуық тұратын Анна Симоненко қуа­ныш­та да, қайғыда да бірге бола­тын Елбасына деген ризашылығын білдірді. «Балаларым Ресейде тұрады. Мен туған Отанымда қалуды жөн санадым. Ең бастысы, елім, жерім аман. Ешқандай кемдік көріп отырған жоқпын», дейді толғана сөйлеген кейуана.

Орталықтандырылған аудан­дық аурухананың Рузаев бө­лімшесінің меңгерушісі Вита­лий Чичканның айтуынша, дәрі­герлік-амбулаторияда дәрі-дәрмек жеткілікті.

Тұтастай алғанда, облыста жағ­дай тұрақты. Шал ақын, Есіл аудандарында су басу қаупі­нің сейілгені байқалады. Петро­павл қаласындағы №12, 13, 14 мек­тептерде эвакуациялық бекеттер ұйымдастырылған.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»   

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар