• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2017

​Петропавлда жолақы қымбаттады

142 рет
көрсетілді

Жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер жолақы бағасын өсірді. Бұған дейін біржолғы жолжүру ақысы ересектер үшін – 65, балалар үшін – 30 теңге болса, енді тиісінше 80 және 40 теңгеге көтерілді.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары кәсіпкерлер мұндай қадамға амалсыз барғандарын, басты себепке жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауын көлденең тартады. Тұрмысы төмен, аз қамтылған жандарға өтемақы төлеу жолдары қарастырылған. 

Облыс орталығына жақын орналасқан елді мекендер үшін де жолақы көтерілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар